• News

  • News

          • Есте қаларлық сабақ
            • Есте қаларлық сабақ

            •    Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай  «Атамекен» Қазақстан картасы Этномемориалдық кешені ұйымдастырған «Үздік сабақ » байқауына Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқу ісі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы ашық сабақ берді. «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» тақырыбына арналған сабақ мынадай мақсаттарды алға қойды:Қазақстан Республикасының 23 жылдық тарихын еске түсіру арқылы бүгінгі таңдағы тәуелсіз Қазақстанды және тәуелсіз елдің ұландарының елжандылығын паш ету. Бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің нағыз жанашыры болуға тәрбиелеу, ұлттық намысты қалыптастыру. «Тәуелсіздік», «бейбітшілік» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, басқа елдердегі саяси қайраткерлердің өмірлерімен таныстыра отырып, еліміздің қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баули отырып, патриоттық тәрбие беру.

                  Сабақта Ерлан Талғатбекұлы ақпараттық коммуникативті құралдарды пайдалана отырып, заманауи интерактивті әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білді. Сабақ  «Тәуелсіздік алауы» атты бейнероликті талдаудан басталды.

              Оқушыларды топқа бөлудің өзі сабақтың мақсатына қарай жүзеге асты. «Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады», -дей келе оқушылар Әбиірбек Тінәлиев пен Майра Тінәлиеваның орындаумен айтылған «Желтоқсан желі» әнін тыңдай отырып, «Цицерон Алгоритмі» ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді.

              Одан әрі  топпен жұмыс  барысында оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оянтатын әртүрлі бейне клиптер ойнап тұрды.

              Рефлексия кезінде бір топ «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазса,екінші топ сурет салды. Сабақ соңында оқушылар өз смартфонмен ғаламтор арқылы тестілеуге қатысты. www.kahoot.it сайтына кіріп, сұрақтарға жауап береді. Шыққан нәтиже бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушыға «Біздің Президент» деген кітап сыйға берілді.

              • Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, Атамекен - әр адамның тағдыры. Одан алғаныңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланып  қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, атамекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. Еліміздің ертеңгі келешегі сендердің қолдарыңда, - деген  мұғалімнің сөзі әр оқушының есінде мәңгі қаларлықтай әсер қалдырды.

               

               

              Жүнісова Гүлназ Мінтайқызы 

      • Контакты

        • Aстана қаласы әкімдігінің "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
        • +7(7172)53-88-54 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(705) 1315602 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(7172)53-89-10 есеп бөлмесі / бухгалтерия
        • Астана қаласы, Т.Рысқұлов 14 ғимарат.
          Астана
          Kazakhstan
        • bil.astanaboys
      • Логин