• Отты жылдар шежіресі!

          • ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:"Отты жылдар шежіресі!"Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.Мақсаты:Оқушыларға əскери-патриоттық тəрбиені насихаттап жас ұрпақты отансүйгіштікке,ерлікке баулу. Міндеті:Тақырып аясында қатысушы оқушылардың белсене ой-бөлісуіне жағдай жасау.Ұлы -Отан соғысы жайлы,батыр майдангерлер жайлы ақпарат алмасып білімдерін көтеру. ҚАТЫСУШЫЛАР:10-11 сыныа оқушылары.ҚАТЫСУШЫ СПИКЕРЛЕР:10-сынып оқушылары.Қатысушы қонақтар:Ұстаздар.МАДЕРАТОР:10-сынып оқушысы Пириев Ибрагим.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:АƏД пəні мұғалімі ТОҚТАҒАЗЫ ЕЛДОС ƏУЕЛБЕКҰЛЫ.
            Уақыты 8.05.2020. 16:00. ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:Онлайн. ZOOM платформасы арқылы.ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:Онлайн-конференцияда 20 қатысушы спикер сөз сөйлеп шағын баяндамаларын ортаға салды.Тақырып аясында ізденіп дайындалып келгендерін көрсетіп өз білімдерін ортаға салды.Атап айтқанда Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес жауынгерлері мен сол сапта қан майданда от кешкен қандастарымыз бен жерлестеріміз  жайлы сан-қилы ақпараттармен бөлісті.Зұлмат соғыс пен қандықол фашизмнің бейбіт елге,отанымызға əкелген зардаптары мен қайғы-қасіреті жайлы да егжей-тегжейлі баяндалды.Мəскеу түбіндегі шайқас,Ленинград қоршауы,Сталинград майданы,Украйна мен Беларусия жерлеріндегі шайқастар мен партизандық қозғалыстар жайлы айтылды.Сонымен қатар көптен күткен жеңіске жетіп Берлинді алып фашистік Германияның қалай тізе бүккені туралы да терең қамтылды.Аталмыш ұрыс майдандарында аянбай соғысып ерлік көрсеткен батыр аталарымызды айтқанда  конференцияға қатысушы спикер оқушыларымыз жанарынан ұшқын атып ерекше толғаныспен баяндады.Əсіресе Бауыржан Момышұлы.Талғат Бигелдинов.Қасым Қайсенов.Мəншүк Маметова.Əлия Молдағұлова.Рақымжан Қошқарбаев.Сағадат Нұрмағанбетов.Нұркен Əбдіров.Бақтыораз Бисекбаев.Мəлік Ғабдуллин.Төлеген Тоқтаров.Хиуаз Доспанова.Қ.Сыпатаев  жəне 28-панфиловшылар сынды батырлар жайлы айтқандары ерекше болып əр қатысушы үлкен əсерге бөленді. Сондай ақ Ұлы Отан соғысының қару жарақ түрлері мен əскери техникасы жайлы да айтылып,тылдағы халықтың жеңіске қосқан үлесі жайлы да керемет əңгіме өрбіді.Конференция соңында ұстаздар да өз алған əсерімен бөлісіп қатысушыларға алғыстарын жаудырды.Конференция өз мақсатына ойдағыдай жетіп,міндетін жоғары деңгейде атқарды деп айтуға толық негіз бар.Конференция барысы жоғары деңгейде өз мəресіне жетті.