• News

  • News

            • БҮГІН ЕЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

            • Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.

              Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту.

              Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.

              Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

              Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп атап өткен.

              Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.

              Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, адалдық, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.

              Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

               

               

              Бейне-дәріске сілтеме:

              https://www.youtube.com/watch?v=3p1TwYI9-fg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

               

               

      • Контакты

        • Aстана қаласы әкімдігінің "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
        • +7(7172)53-88-54 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(705) 1315602 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(7172)53-89-10 есеп бөлмесі / бухгалтерия
        • Астана қаласы, Т.Рысқұлов 14 ғимарат.
          Астана
          Kazakhstan
        • bil.astanaboys
      • Логин