• Мектебімізде БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры тарапынан дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

          • Мектебімізде БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры тарапынан дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.Бірегей байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Қазақстанның болашағы үшін аянбай қызмет ететінін көрсеткен нағыз "Сегіз қырлы, бір сырлы" жастарға ерекше қолдау көрсету болып табылады.Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындары арасында ұйымдастырылды. Қалалық олимпиадада 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бас сынасты. Қазақ тобы мен өзге ұлт өкілдерінің оқушылары жеке сайысқа түсіп, бөлек марапатталды

          • Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығы

          • Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай профессор,ф.г.докторы С.Н.Негимовпен "Ұлы халықтың ұлы ақыны" тақырыбында 11сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуден оқушылар жан-жақты рухани мәліметтер алды. Кездесу ошушылар үшін өте әсерлі болды.

          • Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен 25 қаңтарда математикадан NUMO олимпиадасы өтті.

          • Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен 25 қаңтарда математикадан NUMO олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Республикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңінің финалистері қатысты. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейинтернат оқушылары қатысып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар иеленді.

            Дүйсенбеков Данат алтын медаль, абсолют бірінші, сыйлыққа планшетРаушанов Марлен күміс медаль, абсолют , pocket bookАшкен Абылай күміс медаль, pocket bookСам Феттуллах күміс медаль, pocket bookАбдикаримов Бексұлтан қола медаль сыйлыққа сағат.

          • Ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойы

          • Қазақ тарихы мен әдебиетінде атақ-даңқы Абайдан асқан, Абайдай танымал, дара туған тұлға жоқ. Ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ халқы – Абай халқы» атты салтанатты жиында 7 тілде өлең оқыған оқушыларымыз Дурсунов Аскер,Айқын Арыс,Кыргызбаев Санжар, Пириев Ибрагим, Серикбаев Архат, Кенжебеков Искандер, Акарыс Ашимхан, Уржанов Арон

            Жетекші ұстаздарымыз:Муаммер ГүлРахимова Гульнар

          • «Педагогикалық идеялар фестивалі»

          • Сүлеймен Демирель Университеті базасында қаңтар айының 14-16 күндері аралығында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті. Лицейіміздің ағылшын тілі мұғалімі Сеилбаева Молдир « Іскерлік ағылшын тілі» тақырыбында элективті курс бағдарламасы жобасын қорғап, жүлделі 2 орын иеленді.

            Жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен зор ізденіс тілейміз!

          • Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы үшбұрыш қатынасын нығайту

          • Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы үшбұрыш қатынасын нығайту мақсатында ата-аналарымызға спорттық шаралар ұйымдастырудамыз. Волейбол ойынына белсенді қатысып, оқушы өмірінің бір бөлшегімен етене араласып жүрген ата-аналарымызға алғыз хат табыстап, маңызды мәселелерді талқылайтын отырыс жасай отырып, оқушының дамуына үлес қосудамыз. Әр бала ата-ананың айтқанын емес ата-анадан көргенін жасайды. Сондықтан ата-аналарымызға алғыс айта отырып, белсенділікке шақырамыз!!!

          • Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі 61 орынды қанжығыларына байлады.

          • Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі 61 орынды қанжығыларына байлады.🥇орын 20🥈орын 15🥉орын 26

            2018-2019 оқу жылында 49 оқушымыз орын алған еді, жыл сайын оқушыларымыздың деңгейі жоғарылап жатыр.

            Ұстаздарымызды, оқушыларымызды және ата-аналарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық олимпиадаға өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

          • 7-8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық ФУТЗАЛ турнирі

          • 7-8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық ФУТЗАЛ турнирі.

            Нұр-Сұлтан қаласында “Білім-Инновация” және “Білім Орда халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық турнир өтіп жатыр. Дәстүрге айналған турнирге 7-8 сынып оқушыларынан құралған 32 команда, барлығы 300-ден астам оқушы қатысуда.

            Группа НАлматы БИЛ 1 - 5 Нұр-Сұлтан БИЛТалдықорған БИЛ 0 - 4 Нұр-Сұлтан БИЛНұр-Сұлтан БИЛ 4 - 1 Қостанай БИЛ

            Қиылысқан ойындарАқтөбе Дарын 2 - 5 Нұр-Сұлтан БИЛ

            Финал топтық ойынГруппа БЕсік БИЛ 1 - 2 Нұр-Сұлтан БИЛНұр-Сұлтан БИЛ 3 - 2 Петропавл ДарынАлтынсарин 1 - 5 Нұр-Сұлтан БИЛ

            ФИНАЛАлматы БИЛ 2 - 3 Нұр-Сұлтан БИЛ

            Оқушыларымызды тек биік шыңдардан көре берейік!!!

          • Ата-аналар арасында “Qurmet” атты солтүстік-орталық аймақтық спартакиадасы

          • Ата-аналар арасында “Qurmet” атты солтүстік-орталық аймақтық спартакиадасы өтті. Спартакиада барысында ата-аналар волейбол, шахмат, үстел теннисінен сайысқа қатысты.Шабыттандыратын және позитивті энергияға толы атмосфера сыйлаған Павлодар қыздар лицейінің жанкүйерлері мен нағыз топтық жұмыс пен табандылықты көрсеткен ата-аналарға алғыс ретінде Нұр-Сұлтан ер балалар лицейінің ата-аналары кубок сыйлап, адамгершілік тұғырын тағы бір көрсете білді!

          • Лицейіміздің "25 жылдығы"

          • Толағай тарихы бар, лицейіміздің "25 жылдығы" ойдағыдан да жоғары деңгейде өтті. Шабыт университетінде аталмыш концерт @astana.alumni түлектеріміздің басқаруымен өткен болатын. Ескінің ерен еңбегін бағалай отырып, үлгілі ұстаздарымызға сөз беріп, тарихтың айнасын көргендей болдық. Бұл іс-шараға жан-жақты оқушыларымызда ат салысып, өз туындыларын паш етті.Қуанышты сәттерде жолыға берейік!!!

          • Педконсилиум

          • Сергектікпен серуендеп демалатын сенбінің күнінде құрметті ата-аналарымыз лицейімізге педконсилиумге келіп, оқушылардың оқу үлгерімімен танысты.

          • Көптілділікті дамыту аясында білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: мәселелер, жаңартулар, тәжірибелер атты семинар өткізді.

          • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» 2019 жылдың 29 қараша күні «Көптілділікті дамыту аясында білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: мәселелер, жаңартулар, тәжірибелер» атты семинар өткізді.Семинардың басты мақсаты: қазіргі заман ағымына сай тұлғаны жан-жақты етіп тәрбиелеуде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы арқылы оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру.

          • "Лицей барысы" турнирі

          • Желтоқсанның 1 күні Тұңғыш Президент күні мен лицейіміздің 25 жылдығына орай қазақ күресінен "Лицей барысы" турнирі өтті. Жарыста 2003-2006 жылғы қатысушылар арасында болды. Көрерменнің көңілінен шыққан ұлттық сайыстың жас ұрпаққа берер тәлімі мен оятар рухы біршама!Біздің лицейімізден қатысқан:Елубаеа Қайсар 🥈Пириев Ибрагим 🥉Болат Тлеужан 🥉орынға ие болды.Нұрорда мектеп-лицейінің оқушысы “Түйе Балуан” атағымен абсолютті чемпион атанды!Оқушылардың ерен еңбегіне нұр бітсін!