• «Аялы алақан» акциясы

          • Мейірімділік айында өткізілген «Аялы алақан» акциясы аясында  түскен  ақшалай қаржыға лицей оқушылары қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар алып, қуаныштарымен бөлісті.  Жаныңда жүрген жанға қуаныш сыйлау әрбір адамзаттың парызы. Күн сайын қуаныш сыйлап жүрейік.

          • "Мейірім сыйла"акциясы

          • Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау – сауапты іс."Мейірім сыйла"акциясы бүгін өз мәресіне жетіп ата-аналар, ұстаздар, түлектер және тәрбиешілер болып қан тапсыруда. Донор болу-алғыссыз ерлік. Бүгінгі сауапты ісіміз бір кісінің өмірін ұзартып, еміне шипа болсын

          • "Жылы көніл-күй" акциясы

          • Мейірімділік айына байланысты іс-шараларымыз жалғасуда. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражатқа мүмкіндігі шектеулі 5 бүлдіршінге сыйлықтар алған болатынбыз. Бүгін оқушыларымызбен алынған сыйлықтарды табыстаймыз. Бұл бір жағынан оқушылармыздың жан дүниесіне мейірімділік құндылығын ұялату болса, бір жағынан бүлдіршіндердің көңілдерін аулау үшін жасалып жатқан дүние. Мейірімділік әлемді құтқарады...