• география апталыгы

          • "Кызыкты география" интеллектуалдык ойыны

            Бугин география апталыгы аясында 8- сыныптар арасында "Кызыкты география" интеллектуалдык ойыны отти. Ойын корытындысы бойынша:8"А"сыныбынан 1орынды- Молдабек Рахымжан, 2орынды-Жумагулов Саян, 3орынды-Пшенбаев Амир иеленди. 8"Б" сыныбынан  1орынды-Далелхан Ибрахим, 2орынды- Сагнадин Нурдаулет, 3орынды -Мамбетжанов Нурислам иеленди. 8"С" сыныбынан 1орынды Думан Хабилет, 2орынды- Рамазан Музаммедали, 3орынды-Орынбай Смайыл иеленди.

          • Дарындылықты дамыту жұмыс

          • дарындылықты дамыту жұмыс нәтижесі

            Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
            І тоқсан жұмысын қорытындысында , дарындылықты дамыту жұмыс барысының нәтижесі  жақсы деңгейді көрсетті. Шәкірттеріміздің  жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада мен сайыстардан иеленген жеңістері қуантады. Бұл жүйелі де үзіліссіз дайындық пен еңбектің арқасы.
            Қалалық олимпиадалар жеңісінің саны- 16 (алтын медаль-2, күміс медаль-7, қола медаль-7 ). Жасөспірімдердің жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша өткен қалалық кезеңінде математика, информатика, биология,физика, химия пәндерінен шәкірттеріміз тамаша нәтиже көрсетті. 11 оқушымыз республикалық жасөспірімдер олимпиадсына жолдама алған болатын.
            Республикалық олимпиадалар бойынша жүлделер саны-13 (алтын медаль- 4, күміс медаль-6, қола медаль-3 ). Республикалық жасөспірімдердің жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша өткен олимпиадасында шәкірттеріміз жеңімпаздар қатарынан көрінді. Қазақстан математикалық олимпиадасында (QMO) 8 жүлде иеленген еді. Республикалық «Менің кіші-Отанымның тарихы» жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсына тарихшыларымыз белсене қатысып, қола медаль иеленді.
            Халықаралық олимпиада жетістіктері 9 орын (күміс медаль-4, қола медаль-5).                 02-03 қазан аралығында өткен  математикадан  «Туймаада» халықаралық (Саха Республикасы, Якутия) олимпиадасында  4 медаль,Халықаралық математикалық « Cyberspace Mathematical Competiton»  олимпиадасында  2 медаль, қыркүйек айында өткен Халықаралық математикалық ( ІМО) олимпиадасында 1 медаль, «IChO 2020 » (химия) халықаралық олимпиадасында 1 медаль,  Халықаралық Балқан олимпиадасында 1 жүлде иеленген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. Жалпы қорытындылай келе, барлығы осы тоқсанда қоржынымызға 38  жүлде салынды. Осындай керемет жетістікпен ұстаздарымыз бен ата –аналарымызды, ең бастысы жеңімпаз шәкірттерімізді құттықтаймын. Жеңістер жалғаса берсін!

          • Халықаралық математикалық Балқан олимпиадасы

          • Қайырлы күн қурметті оқырмандар!
            Халықаралық математикалық Балқан олимпиадасы биылғы маусымда   Румыния елінде өтетін еді.   Әлемдік пандемияға байланысты Қазақстан құрама командасы Алматы қаласында онлайн режимінде  қатысты.  Олимпиадада   17 елден  108 үміткер бақ сынасты . Еліміздің намысын 6 таңдаулы математиктер қорғады.  Шәкіртіміз Сам Фетуллах қола медаль иеленіп, тамаша жаңалықпен қуантты.  Ұстаздары мен ата-анасын құттықтаймыз! 

            Добрый день уважаемые читатели!
            XXXVІІ Международная математическая Балканская олимпиада в этом сезоне должна была пройти в Румынии. Из-за мировой эпидемии наша сборная Казахстана принимала участие в режиме онлайн в городе Алматы. Из 17 стран принимали участие 108 претендентов. В составе сборной страны боролись 6 лучших математиков. Ученик нашего лицея Сам Фетуллах, выйграв бронзувую медаль, обрадовал нас прекрасной новостью. Поздраляем учителей и родителей!

             

          • ЕЛОРДАДА АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

          •  

             

            ЕЛОРДАДА АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

             

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

            Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

            А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

            Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

            Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.

            А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

            Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

            Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

            «Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

             

            Бейне-дәріске сілтеме:

            https://www.youtube.com/watch?v=s9LHdfynaX0&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

          • Жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

          • Жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы шықты. Жеңістер жалғасуда! Шәкірттеріміз 3 алтын, 2  күміс, 5 қола медаль иеленді. Атап айтқанда, Олжас Махажанов (математика), Омар Дінмұхаммед (биология), Жарылкасын Темирлан (информатика) алтын медаль, Абшукур Абдуллах (математика), Исаев Асет (биология) күміс медаль иленсе,Максұт Санжар( химия), Жақсыгелді Алихан (математика),Байжанов Сұлтанбек (математика), Амангельдин Ержан (информатика), Маликов Амиргали (физика) қола медаль иегерлері атанды. Жеңімпаздарды және жетекші ұстаздарды құттықтаймыз! Жетістіктерге жете берейік!