• Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдық орындарға конкурс жарияланады

          • Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ

            Бос және (немесе) уақытша бос лауазымдық орындарға конкурс жарияланады

            Орналасқан жері, мекенжайы

            Астана қаласы, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 14

            Телефон нөмірі

            8(7172)538854

            Электрондық пошта

            hr@astanaboysbil.edu.kz

            Білім беру ұйымының атауы

            Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ

            Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі

            Ағылшын тілінде оқытатын келесі пән мұғалімдері:

            • биология пәні мұғалімі, 1 жүктеме;
            • физика пәні мұғалімі, 1 жүктеме;
            • математика пәні мұғалімі, 1 және 1 жүктеме.

            География пәні мұғалімі, 1 жүктеме.

            Тарих пәні мұғалімі, 1 жүктеме.

            Ағылшын тілі пәні мұғалімі,  1 (уақытша бос) және 1 (уақытша бос) және 1 (уақытша бос) жүктеме.

            Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 1 жүктеме.

            Дене шынықтыру пәні мұғалімі, 1 және 1 жүктеме.

            Интернат меңгерушісі, 1 жүктеме.

            Педагог-ұйымдастырушы, 1 жүктеме (уақытша бос).

            Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары

            Еңбек өтілі, біліктілік санаты және т.б. деңгейлеріне байланысты оқу жүктемесі аптасына 16 сағат есебімен мұғалімдер 160000-290000 тг

            Интернат меңгерушісі мен педагог-ұйымдастырушы 89000-130000 тг

            Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

            Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жоғары білімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы,  педагог-модератор немесе сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат.

            Ағылшын  тілінде оқытатын мұғалімдердің ағылшын тілінде сабақ беру тәжірибесінің болуы (IELTS 6.5-7.5).

            Жаңартылған мазмұнда білім беру сертификатының болуы.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі

            18.08.2023-25.08.2023

            Комиссияның қорытынды отырысы

            29.08.2023

            Құжаттар тізбесі

            Конкурсқа қатысатын үміткер құжаттарды hr@astanaboysbil.edu.kz электрондық поштасына немесе қағаз түрінде жолдайды (ҚР Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығына сәйкес):

            1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

            10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 

            11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

            12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

            13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

             

            Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

             

            Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

            Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі

            Ағылшын тілі пәні мұғалімі,  1 жүктеме (мерзімі – 31.08.2023ж.)

            Ағылшын тілі пәні мұғалімі,  1 жүктеме (мерзімі – 31.08.2023ж.)

            Ағылшын тілі пәні мұғалімі,  1 жүктеме (мерзімі – 31.08.2023ж.)

            Педагог-ұйымдастырушы, 1 жүктеме (мерзімі – 01.09.2024ж.)

             

             

             

            Мемлекеттік білім беру

            ұйымдарының бірінші

            басшылары мен педагогтерін

            лауазымға тағайындау,

            лауазымдардан босату

            қағидаларына

            10-қосымша

            Нысан

            ____________________________

            ____________________________

            (Конкурс жариялаған

            мемлекеттік орган)

             

            ____________________________________________________________________

                  (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН)

            ____________________________________________________________________

                  (лауазымы, жұмыс орны)

            ____________________________________________________________________

            ____________________________________________________________________

                  (нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны)

            Өтініш

            Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)

             ____________________________________________________________________

                  білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

                 

            Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

                  ____________________________________________________________________

                  (білім беру ұйымның атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

             

                  Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

                  Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

            Оқу орнының атауы

            Оқыту кезеңі

            Диплом бойынша мамандық

             

                  Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):____________________________
                  Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
                  Келесі жұмыс нәтижелері бар:_____________________________________________
                  Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
                  ______________________________________________________________________

            Мемлекеттік білім беру
            ұйымдарының бірінші
            басшылары мен педагогтерін
            лауазымға тағайындау,
            лауазымнан босату
            Қағидаларына
            11-қосымша

            Нысан

             

             

            Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

            Өлшемшарттар

            Растайтын құжат

            Балл сандары
            (1-ден 20-ға дейін)

            1.

            Білім деңгейі

            Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

            Техникалық және кәсіби = 1 балл
            Жоғары күндізгі = 2 балл
            Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
            Магистр = 5 балл
            Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл

            2.

            Ғылыми/академиялық дәрежесі

            Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

            PHD-доктор = 10 балл
            Ғылыми доктор = 10 балл
            Ғылыми кандидат = 10 балл

            3.

            Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

            Сертификат

            "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

            4.

            Біліктілік санаты

            Жеке куәлік, басқа құжат

            Екінші санат = 1 балл
            Бірінші санат = 2 балл
            Жоғары санат = 3 балл
            Педагог-модератор = 3 балл
            Педагог-сарапшы = 5 балл
            Педагог-зерттеуші = 7 балл
            Педагог-шебер = 10 балл

            5.

            Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

            Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

            Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
            Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
            директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

            6.

            Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

            Білімі туралы дипломның қосымшасы

            Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл
            "жақсы" = 0,5 балл

            7.

            Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

            Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

            Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
            Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

            8.

            Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

            - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
            - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
            - мемлекеттік награда

            1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
            ғылыми жобалардың = 1 балл
            2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
            "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
            "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

            9.

            Әдістемелік қызметі

            -авторлық шығармалары, басылымдары

            ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
            РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
            БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

            10.

            Қоғамдық-педагогикалық қызметі

            Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

            тәлімгер = 0,5 балл
            ӘБ басшылығы = 2 балл
            Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
            шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
            үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

            11.

            Курсқа дайындық

            - пәндік дайындық сертификаттары;
            -
            цифрлық сауаттылық,
            КАЗТЕСТ,
            IELTS;
            TOEFL;
            DELF
            сертификаттары;
            Goethe Zertifikat, "Python
            тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft"
            Курсера жұмыстарына оқыту
            Халықаралық курстар:
            TEFL Cambridge
            "CELTA
            (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
            CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
            DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
            CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
            "TKT
            Teaching Knowledge Test"
            Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
            Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
            "TESOL"
            Certificate in teaching English for young learners
            International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
            IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
            Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
            Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
            Online Teaching for Educators: Development and Delivery
            Educational Management
            Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

            Курсы на платформе Coursera, Futute learn
            Teaching Mathematics with Technology
            Special Educational Needs
            "Developing expertise in teaching chemistry "

            ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
            = 0,5 балл
            Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
            = 0,5
            балл (әрқайсысы бойынша жеке)

            12.

            Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

            Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

            3 балл қосылады

            Барлығы: