Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының Халықаралық олимпиада жүлдегерлері Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Әкіммен кездесуге іріктелген 10 оқушы да Халықаралық олимпиададан бірнеше дүркін жүлдегер атанған оқушылар. Олар тек Астананың ғана емес Қазақстанның намысын қорғап, талай елде көк Байрақты желбіретіп жүрген оқушылар. Бұл оқушылардың бойында елжандылық пен намыс оты бар. Келешекте Отанына қызмет етіп, пайда келтірсем, әр алуан ғылым салаларында жаңалық ашсам деген деген сенім бар. Есімдерін атап, оларға терең білім беріп жатқан мұғалімдері мен ата-аналарына алғыс айтсақ артық болмас: Еркенұлы Әлімжан, Ғабит Асқар, Тотаев Айсұлтан, Қуанышбаев Мақсат, Амангелдин Темірлан, Незаметдинов Шайхиддин, Сүлейменов Айдарбек, Мұхамбек Айбек, Құрманғалиев Исабек, Ақзам Әлімжан.
Гүлназ Минтаевна Жүнісова
