• News

  • News

          • Инновациялық технология оқу үрдісінде
            • Инновациялық технология оқу үрдісінде

            • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған Ұлттық          іс-қимыл жоспарына сәйкес біздің лицейдің де жұмыс тақырыбы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» болып табылады. Осыған орай    2014 жылдан бастап, оқу үрдісіне PBL бағдарламасы енгізілді.

                   Project Based Learning (PBL) дегеніміз не? PBL – білім  беруді дамыту және бағалау негізіндегі жоба. PBL жобалау арқылы білім беруді іске асырады. Яғни жобалау арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне  жол ашады.  Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу үрдісіне «практика негізінде оқыту» (ағыл. learning by-doing) деген атпен енген болатын, ал қазіргі жаңашыл педагогтар «PBL жоба арқылы білім беру» деп атап жүр. PBL оқушыларды әр деңгейдегі зерттеулерге қатыстыра оқыту процесін жеңілдетеді. Жаңа  өмір талабына сүйенсек, біздің міндетіміз – ересек өмірге  дайын, сенімді түрде енетін оқушы тәрбиелеу.  Мектепте алған білімді барлығы бірдей өмірде пайдалана білмейді. «Алып жатқан  білімім бүгін болмаса, ертең қажетіме жарайды» деп оқыған бала ғана ертеңінен үміт күтеді, сенім пайда болады, қазірден бастап өмірін жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондықтан  да PBL-ді оқу үрдісіне дәстүрлі тәсіл ретінде енгізсе, құп болар еді.  

                      Біздің лицейде  PBL - жоба негізінде білім беру негізінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде басым қолданылады. Биылғы оқу жылынан бастап, қоғамтану пәндерінде де қолданыла бастады.

                    Мысалы, тарих пәнінің мұғалімі Сламбеков Ерлан Талгатбекұлының басшылығымен жасаған жобалардың бірі – Ханшатыр. Кіріспес бұрын оқушылар Ханшатырдың географиялық, физикалық, геометриялық  ерекшеліктерін, тарихын зерттеп біледі. Оны жасау тәсілдерін ойланады. Оған аналогиялық балама ұсынады.

                  Химия пәні мұғалімі Балмасов Дамир Табылдыұлының сабақтарында   

              8-сынып оқушылары Менделеевтің периодтық кестесін жоба арқылы құрастырды. Әрине әр химиялық элементке жоба жасамас бұрын, оның қасиеттерін егжей-тегжейлі зерттеу керек. Ауаның молекулаларын жоба арқылы көрсету де оқушылардан аз шығармашылықты талап етпейді.

               

                  Измаилов Данияр Мұратпекұлының оқушылары физика сабақтарында «ЭКСПО -17» бағдарламасы бойынша «Болашақ энергиясы» тақырыбында жобалар жасай бастады. Су және жел диірмендері арқылы электр тогын өндіру, күн энергиясы арқылы ауыз су тапшылығы бар жерлерде суды тазарту деген сияқты жобаларды ұсынуда. Сонымен  қатар оқушылардың жасаған жобаларының замануй сипат алуы қуантады. Олар жобаларды жаңаша дизайн арқылы жасап, тіпті алған энергияны қосымша музыка тыңдауға да қолдана білген.

                  Қорыта келе, белгілі тақырыпқа арналған зерттеу жобасы оқушылардың бойында тығырықтан шығу жолын, оның мүмкіндіктерін қарастыруда  іздену дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылыққа баулиды. Тез шешім қабылдауға дағдыландырады.

                                                

               

               

               

               

              Жунусова Гүлназ Мінтайқызы

              Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты Директордың  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары  

          • Тіл-ұлттық қазынасы
            • Тіл-ұлттық қазынасы

            •  

              Тіл-ұлттық қазынасы

              Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  «Тіл-ұлт қазынасы» атты апталығы (02.02.-07.02.2015ж) аралығында өткізілді. Апта барысында түрлі ұлттық іс-шаралар өткізілді. «Бір мақал-бір бауырсақ» акциясы оқушылардың қызығушылығын арттырды.  

              «Нысана» ойыны шарға дөп тигізіп ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өздерінің күшін сынап көрді.

              Екінші күні спорт залда ұйымдастырылған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты жарыста ойындардың түр-түрі көрсетіліп, оқушылардың өздері де қатысып, белсенділік танытты.   «Грамматика әлеміне саяхат» маршруттық сайысы 4 оқушыдан  құрылған топтар әр бекеттен талдау жұмыстарын алып, орындап уақытқа жарысып мәреге жеткендер жеңімпаз атанды.  

              І-орын 9С сынып, ІІ орын 9 В сынып, ІІІ орын 9А сынып иеленді.

               7-8 сыныптар арасында өткізілген «Ойжүйрік» зияткерлік ойыны оқушылардың ой-өрісін арттырып, білім шыңын бағындыруға көмегін көрсетті.

                 

               

                   Бұл сайыста І орын 7 А-сынып оқушысы, ІІ орын 7С сынып оқушысы Қайратбек Абылай, ІІІ орынды 7 В-сынып оқушысы

              иеленді. Апталық барысында «Сөзжұмбақ» қабырғаға ілініп шешулері жәшікке салынды. Бұл сайыс бойынша белсенді оқушылар мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

              Бейсенбі күні өткізілген «Ата көрген оқу жонар» сайысына әр сыныптан бір ата, бір немереден қатысты. Аталар немерелерімен бірге сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Өз өмірлерін үлгі еткен аталарымыз немерелеріне өсиет айтып, баталарын берді.  

              Сайыс жеңімпазы 7 С сынып оқушысы Калин Арлан мен Жеңіс ата, ІІ орын 8 В-сынып оқушысы    иеленіп жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

                       Апталық соңы салттанатты лездемемен аяқталды. Лездемеде барлық жеңімпаз оқушылар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жаса, жаса қазақ тілім» атты әнімен салтанатты жиынды қорытындылады. Осындай апталықтарымыз сәттілік пен табысқа толсын!

               

      • Контакты

        • Aстана қаласы әкімдігінің "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
        • +7(7172)53-88-54 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(705) 1315602 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(7172)53-89-10 есеп бөлмесі / бухгалтерия
        • Астана қаласы, Т.Рысқұлов 14 ғимарат.
          Астана
          Kazakhstan
        • bil.astanaboys
      • Логин