3.02.11.2015ж. күні 10-11сынып оқушыларына Корея елінің халықаралық «UNIST» университеті ашық есік күнін ұйымдастырды. Мұғалімдер оқушыларға слайд арқылы университеттің жетістіктері жайлы және факультеттеріне тоқталды. Ол жердің студенттерінің бос уақыттарында салауатты өмір салтын қолданатыны жайлы да мәліметтер айтылып, слайд түрінде көрсетілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.Оқушылар бұл университет туралы мәліметтерді алғандарына қуанып, тағы да көптеген мәліметтер алғысы келетіндерін айтты. Кездесуге 96 оқушы қатысты.
News
10-11сынып оқушыларына Корея елінің халықаралық «UNIST» университеті ашық есік күні
Театр
Осы оқу жылының 28 қаңтар күні 9 а сынып оқушыларына Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрына бару ұйымдыстырылды. Мақсаты: Оқушыларды театр қойылымдарына апару арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, мәдени орындарға бару белсенділігін қалыптастыру және мәдени-эстетикалық тәрбие беру болды. Сынып оқушылары сынып жетекшілермен, ата-аналар және тәрбиешімен бірге театрға «Жұт» қойылым тамашалауға барды. Қойылым трагедия жанрында. Онда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Тарихтағы ашаршылық кезеңі, оның туындауы және өтуі туралы көрсетіледі. Соңынан оқушылар, ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар үлкен әсермен лицейге оралды. Бұл іс-шараға 13 оқушы, 3 ата-ана мен мұғалімдер Ферхат Ялын, Жатакбаева Гүлғайын Ұмытханқызы және тәрбиеші Теміров Адлет қатысып қайтты. Сынып жетекшілер, ата-аналар мен оқушылар осы шараны ұйымдастырған лицей әкімшілігіне, мұғалімдерге алғыс білдірді.
