• News

  • News

            • Осман Диясқа қайырымдылық  жәрмеңкесі

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары  2009 жылы бітірген лицейіміздің мақтанышы болған Осман Диясқа арнап қайырымдылық  жәрмеңкесін ұйымдастырды.   Қайырымдылықтан түскен ақшаны Диястың ата-анасының счетіне аударды. Жәрмеңке өз деңдейінде өткізілді.

                 Жәрмеңкеге лицейдің барлық оқушылары атсалысты.

            • Күйшілер мен ән-термешілер байқауы

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары : Айтбеков Даурен,  Сүлейменов Алмат, Дүйсенов Акжолтай және  Байекешов Ғали «НҰР ОРДА» мектеп-лицейінде  өтілген қалалық «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты күйшілер мен ән-термешілер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 19 оқушы қатысқан күйшілер байқауында оқушылар өздерінің  көркемөнерпаздық қабілеттерін көрсете білді.

            • «ҚР  тұңғыш Президенті күні» 7-11 сыныптар бойынша аталып өтілді

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «ҚР  тұңғыш Президенті күні» 7-11 сыныптар бойынша аталып өтілді. Сынып сағаттарында елбасының ерен еңбектері оқушыларға толық түсіндірілді.  Оқушылар елбасы туралы постер жасап, сол постерлерін өзара қорғады.

            • 8-9,10-11 сынып оқушылары арасында лицейішілік футболдан турнир

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-9,10-11 сынып оқушылары арасында лицейішілік футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирге оқушылар аса қызығушылықпен қатысты.  Қорытындысында  лицей әкімшілігінің кубоктарын 10 «с»және

               8 «с» жеңіп алса, мадақтама грамоталарын 7-9 сынып оқушылары өзара бөлісті.

            • Астанада дүниежүзін дүр сілкінуі тиіс он жоба іріктелді!

            • Қазақстанда алғашқы рет өткзілген ұлттық инновациялық олимпиадаға «Жасыл энергтика», «Ай-ти», «Моделдеу және роботехника» тақырыптары бойынша 200-ге жуық жоба ұсынылды. Солардың қатарынан жүзден жүйрік атанған 20 жоба жеңімпаздары медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар арасында «Білім-инновация» лицей оқушысы Колосниченко Арсений бар екенін мақтанышпен айтамыз. Оқушылардың инновациялық  жобалардың ұлттық олимпиадасының менторлық куәлігіне ие болды.

              Жоба жеңімпазын шын жүректен құттықтап, жеңіс тұғырына шыға беруіне тілектеспіз!

            • «Көшбасшы оқушысы» жүлдегері ортамызда!

            • «Астана дарыны» өңірлік білім беру мекемелері 10-11 сынып оқушыларының арасында өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай      « Елордалық білім беру мекемелерінің  көшбасшы оқушысы» қалалық интеллектуалдық конкурсын ұйымдастырды.Осы  додада  дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация»  лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Серікбаев Ақниет бағын сынаған еді. Іріктеу кезеңіне 39 білім ордасының үміткерлері өз күштерін сынасты. Ақтық мәреге 12 үміткер өтті.

              Ақниет жүлделі 3 орын иеленіп , дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

              Ақниетті жеңісімен құттықтай отырып, келешекте нағыз КӨШБАСШЫ болуына шын жүректен тілектеспіз!

              Қанатың талмай, биікке самғай бер Ақниет!

            • 9-сынып оқушылары «АЛЖИР» лагерінде

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.11.2017ж. күні 9-сынып оқушылары  Малиновка кентінде орналасқан «АЛЖИР» лагеріне   саяхатқа барды.  Оқушылар лагерден  үлкен әсер алып қайтты. 

                     Лагерьге 50 оқушы барды.

            • Заң қызметкерлері лицейімізде

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.11.2017ж. күні 9 «а» сынып оқушылары  Әділет қызметінің майоры Орынбасаров Дидар және «Есіл» аудандық ІІД бөлімінің капитаны  Жасұзақ Қарлығаш ханыммен кездесті. Оқушылар заң қызметкерлеріне әр түрлі сұрақтар төңірегінде сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Кездесуде оқушыларға  қонақтар өздерінің мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсіндірді.

            • «Таң шолпан» таңертеңгілік бағдарламада оқушыларымыз және мұғалімдеріміз

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.11.2017ж. күні Қазақстан  арнасындағы «Таң шолпан» таңертеңгілік бағдарламаға математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл, физика пәні мұғалімі Дүйсеев Есбол және 11-сынып оқушысы Омаров Рауан мен  Дүйсенбеков Данат барып, жүздесті. Бағдарламада оқушылар өздерінің алған жеңістерімен бөлісті. Ал мұғалімдер осындай жетістікке жетудің сырларымен бөлісті.

            • СДУ-дан қонақтарымыз

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.11.2017ж. күні 11-сынып оқушыларымен Алматы қаласынан СДУ мұғалімдері  проферентациялық жұмыс жүргізді. СДУ мұғалімдері оқушыларды университеттің факультеттерімен таныстырды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында оқушыларға  буклеттер таратылды.

            • Ибрагим Ескендір, Бабыржан Момынов және Ж. Түкешов лицейімізде

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.11.2017ж.күні  9-11 сынып оқушыларымен  әнші, «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ибрагим Ескендір және қазақтың батыр жігіттері , былғары қолғап шеберлері-ҚР спорт шебері, бокс сарапшысы, бапкер Ж. Түкешов және кәсіпқой боксшы Бабыржан Момынов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кездесті.  Кездесуде оқушылар бокстың қыр-сырымен танысып, әртүлі сұрақтардың жауабын алды.  «Көк тудың желбірегені» әнінің шығу тарихы оқушыларды қызықтырды.

              Кездесуге 120 оқушы қатысты.

            • «АЛЖИР» лагеріне саяхат

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.11.2017ж.күні 7-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Ақмол кентінде орналасқан «АЛЖИР» «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагеріне саяхатқа барды.  Саяхаттан оқушылар үлкен әсерде келді. Сол кездегі зиялы қауымның жұбайларының мүшкіл халдерін естіген оқушылардың көздеріне еріксіз жас келді.

                 Саяхатқа 78 оқушы барды.

            • Лицейлер арасында футболдан республикалық турнир

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қараша айында  7-8 сынып оқушылары арасында республикалық  футболдан турнир өткізілді. Турнирге республика бойынша 27 команда қатысты. Жартылай финалға 4 команда жүзден  жарып шығып, өзара тартысқа түсті.  Ол командалар: Атырау, Павлодар, Құлсары және Астана ұлдар командасы болды. Өзара тартыста  біздің лицейдің  оқушылары  ІV орынға ие болды.

            • Оқушылар ҚР Ұлттық музейінде

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «с» сынып оқушылары 11 қараша күні ҚР Ұлттық музейіне барды. «Ежелгі және ортағасыр тарихы залы», «Этнография залы», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарын аралап,  өткен тарихпен тереңірек танысты.  Оқушылар ҚР Ұлттық музейінде 10-12 қараша күндері өтіп жатқан«Эрмитаж күндер» атты шарасына да қатысты. Эрмитаждың «Санкт-Петербургтың әскери ескерткіштері», «Мемлекеттік Эрмитаж жинағындағы батысеуропалық қару-жарақтар коллекциясы» залдары оқушыларға ерекше ұнады.

            • «НЕ?, ҚАЙДА?, ҚАШАН?» республикалық  интеллектуалды ойыны

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-10 сынып оқушыларынан құралған топ Қарағанды қаласында өткен «НЕ?, ҚАЙДА?, ҚАШАН?» республикалық  интеллектуалды ойынға қатысты. Бұл ителлектуалды ойынға барлық облыстан жастар, әсіресе студенттер құрамы болды, сол құрамда әрине биздің де оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Интеллектуалды ойында 23 команда қатысып, өзара додаға түсті. Біздің оқушылар «Ең үздік жас команда» номинациясын ұтып алды. Топта 6 оқушы болды. Олар: Джуламанов Тахир, Калиев Анияр, Болатбек Рамазан, Советқажиев Әлібек, Дуйсенбай Шерхан, Мамырбеков Мадияр. Жеңіс құтты болсын!

            • Халықаралық қарттар күні

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.10.2017ж. күні  халықаралық қарттар күніне орай  лицейдің зейнеткерлеріне  мекемеге  жасаған ерен еңбектерін елей отырып,лицейішілік алғыс хат берілді.  Алғыс хатпен бірге сыйлықтар да ұсынылды.  

            • «Бір күндік жылу» қайырымдылық акциясы

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.10.2017ж. күні   лицей психологі Г.С. Казкенованың ұйымдастыруымен  «Бір күндік жылу» атты қайырымдылық акциясымен қалалық жетім балалар үйіне  концерттік бағдарлама  көрсетті.   Бағдарлама соңында оқушылар өздерінің сыйлықтарын таратып, өзара сұхбаттасты.

            • Жастар театрындағы «Жан азабы» қойылымы

            •  «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26.10.2017ж. күні  7 «а» сынып оқушылары  қалалық  Жастар театрындағы « Жан азабы» қойылымына барды. Қойылым оқушылар үшін қазақтың тарихын көз алдарына  елестете отырып, жақсы әсер қалдырды. 

            • Азаматтық қорғаныс

            • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.10.2017ж. күні азаматтық қорғаныс бойынша  Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірге  ұйымдастырылған шара өткізілді. Шараға Төтенше жағдай департаментінің  қызметкері Назаров Азат мырза келіп , оқушыларға өрт болған жағдайда не істеу керектігі жайлы түсіндірді. Одан соң АӘД мұғалімі Ж. Абилтаев пен лицей дәрігері Ж.С. Жалмағанбетова   төтенше жағдай кезіндегі зардап шегушіге алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін ұғындырды. Жалпы шараның мақсаты өрт қаупі туындағанда немесе аяқ асты оқиғалар кезінде оқушылардың теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіру болды.

                  Шараға 380 оқушы қатысты.

      • Контакты

        • Aстана қаласы әкімдігінің "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ
        • +7(7172)53-88-54 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(705) 1315602 қабылдау бөлмесі / приемная
          +7(7172)53-89-10 есеп бөлмесі / бухгалтерия
        • Астана қаласы, Т.Рысқұлов 14 ғимарат.
          Астана
          Kazakhstan
        • bil.astanaboys
      • Логин