• Математика, физика және математика пәні мұғалімдерінің ҮІІ халықаралық байқауы

          • Алматы қаласында 2019 жылдың 1-2 желтоксан күндері аралығында математика, физика және математика пәні мұғалімдерінің ҮІІ халықаралық байқауы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының жас мұғалімі Сейдуалы Дарын Жумабекұлы қатысып, жүлделі 3 орын иегері атанды. Жас маманды Халықаралық байқауда жеткен жеңісімен құттықтап, ұстаздық жолында қажымас қайрат, талмас қанат, таудай талап тілейміз!Алар асулары мен шығар шыңдары әлі алда! Тек қана, АЛҒА!!!

          • Лицей оқушылары информатикадан ХІ Еуразиялық олимпиада жеңімпаздары атанды!

          • Лицей оқушылары информатикадан ХІ Еуразиялық олимпиада жеңімпаздары атанды! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде Алматы қаласында 29-30 қараша күні өткізілген олимпиадаға іріктеу турдан таңдалған 56 команда қатысты. Ыбрайахынов Бейбарс - І дәрежелі дипломмен марапатталды және Қазақстан-Британ техникалық университінің (100%) грантын, Астана ІТ университетінің грантын жеңіп алды. Бекмуханбет Азамат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық олимпиадада жеңіс тұғырынан танылған оқушыларымызды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!

          • "Жастар жылына"орай және Тұңғыш президент күні мерекесі күніне сәйкес, салауатты өмір салтын дәріптеу

          • "Жастар жылына"орай және Тұңғыш президент күні мерекесі күніне сәйкес, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында, спортты шәкірттердің бойына сіңіру ойымен ХҚҚ-на қарасты "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейлер арасында 1-ші желтоқсан күні қазақ күресінен республикалық "Лицей Барысы" жарысы өтеді. Бұл іс-шараға 17 лицей, 90- нан аса оқушы 7 категория салмақ бойынша күреседі. Жанкүйер ретінде ата-аналарымен, мектеп әкімшілік қатысады деп күтілуде. Ата - аналар мен лицей ұжымы болып окушыларымызға қолдау білдірейік!!!

          • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

          • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қарсаңында «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» конкурсы өтті. Үш кезеңнен тұратын іріктеуден өткен 13 оқушы финалға шықты.Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы Елубаев Қайсар жүлделі 2 орын иеленді. Осы апта Қайсар үшін жеңісті болды, қалалық «Парасат-2019» интеллектуалдық турнирда Бас жүлде алған «Жігіттер» командасының капитаны және «Үздік ойыншы» номинация иегері Қайсарды құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете бер!

          • "El maqtanyshy" арнайы сыйлығы

          • ҚР тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың атынан "El maqtanyshy" арнайы сыйлығы IMO-2019 Халықаралық олимпиадасында математика пəнінен үздік жетістіктерге жеткен жүлдегерлерді дайындап, біліммен қоса тəрбие бергені үшін Муаммер Гюльге беріледі.

          • PARASAT-2019 зияткерлік турнирі

          • Үстіміздегі жылдың қараша айының 18-21 күндері аралығында Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында "PARASAT-2019" зияткерлік турнирінің күзгі сериясы өтті. Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл аудандарынан қатысқан мектептер арасынан суырылып іріктеуден өткен жеңімпаз мектептер сайысқа түсті. Нәтижесінде ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының "БИЛ жастары" командасы бас жүлдені жеңіп алды.Оқушыларымызға білім додаларында тек жеңіс пен сәттілік тілейміз!!!Атсалысқан ұстаздарымзға және Рахимова Гулнар Мизимбаевна апайымызға алғыс білдіреміз!!!

          • Математика жəне информатика апталығы

          • Бұл апта қызықты сəттерге, пайдалы іс-шараларға толы болды. Математика жəне информатика апталығы жайында Муаммер ағайымыз мағлұмат берген болатын. Осы апталықта тер төгіп, еңбек еткен ұстаздарымызға жəне белсенді түрде қатысып, табандылығын көрсете білген оқушыларымызға мың алғыс!!!

          • 19 қараша күні Оқушылар сарайында кезекті "Парасат" атты интелектуалдық ойын орыс тобында да өтті

          • 19 қараша күні Оқушылар сарайында кезекті "Парасат" атты интелектуалдық ойын орыс тобында да өтті. Сол сайыста ерекше көзге түсіп, Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейі Байқоңыр аудандық кезеңінде 1 орын алды. Бір қызығы қазақ тобы мен орыс тобынан да бір мектептің оқушылары финалға өткен болатын. Бұндай жетістік тарих сахнасында бірінші рет орын алуда.

            Ендігі финалда сəттілік тілейміз!!!

          • "Лицей барысы" турнирі

          • Тұңғыш Президент күні мен лицейдің 25 жылдық мерейтойына орай "Білім-инновация" лицейлері арасында республикалық "Лицей барысы" турнирі өткізіледі.

          • 13-14 қараша, Білім тексеру сынағы

          • 13-14 Қараша аралығында лицейімізде дәстүрлі тоқсан сайын болатын Білім тексеру сынағы болды.Бұл емтиханда оқушылар өздерінің оқу барысында меңгерген білімдерін тексереді

          • Нариман Нұрланұлы оқушылармен кездесу

          • Нариман Нұрланұлы оқушылармен кездесуде өзінің балалық шағын еске алып ой бөлісті. Жас болса да үлкен қызметте отырған Нариман Нұрланұлы осы баспалдаққа ерен еңбегі мен терең білімінің арқасында жеткендігін оқушыларға түсіндіріп қана қоймай, жетістікке жетуде көп еңбектену керек екендігін жеткізді.Нариман Мукушев @Гульнар Умарова

          • Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

          • Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, іске асыру жөнінде баса айтылған болатын. Осы мақсатта

            Алматы қаласында ағымдағы жылдың 1-3 қарашасы аралығында , ҚР білім және ғылым министрлігінің нұсқауымен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.

            Бұл сайысқа әр облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және республикалық дәрежедегі білім орталықтарынан іріктелген 9 сынып оқушыларынан құралған 22 команда қатысты.

            «БИЛ қырандары» тобының мүшелері өз номинациялары бойынша білімдері мен шығармашылығын көрсетіп, жоба қорғауда ерекшеленді.

            Оқушыларды дайындаған тарих пәні мұғалімі, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Гульнар Мизинбайқызы. Оқушыларымыз екінші рет республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысып, жылда жеңімпаз атанып, лицей атын шығарып жүр.

          • Ата аналар арасында"Достық" спартакиадасы

          • Ата аналар арасында"Достық" спартакиадасы1.Волейбол: 6 ойыншы және қосалқы.2. Шахмат: 1 әке және 1 ана.3. Үстел теннисі: 1 әке және 1 ана.4. Тоғызқұмалақ: 1 әке және 1 ана.•Жарысқа тек ата аналар қатысады• Әр ата ана тек бір спорт түрінен қатыса алады.

            Барлық сыныптарға сәттілік тілейміз !!!

          • ІІ Республикалық химиялық Қ.Сатпаев атындағы олимпиадаға іріктеу

          • ІІ Республикалық химиялық Қ.Сатпаев атындағы олимпиадаға іріктеу. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 тур нәтижесімен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Смет Алихан мен Қожахметов Ернұр 1 орын иеленіп, Республикалық ақтық мәреге жолдама алса, Мақсұт Санжар жүлделі 3 орын иеленді.

          • Қарттарым - асыл қазынам

          • Тілдер мерекесіне орай өткізілген "Қарттарым - асыл қазынам" атты қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған қаражатқа, лицей ұжымы, қарттар үйіне сыйлық жасай отырып, белсенді оқушыларымыздың жасаған жүрекжарды қойылымына ата-әжелеріміз куә болды. "Жас жүрген жер - мереке, қарт жүрген жер - береке" демекші оқушыларымызға үлкенді құрметтеу керек екенін тағы бір мәрте еске салғандаймыз.