Бұл апта қызықты сəттерге, пайдалы іс-шараларға толы болды. Математика жəне информатика апталығы жайында Муаммер ағайымыз мағлұмат берген болатын. Осы апталықта тер төгіп, еңбек еткен ұстаздарымызға жəне белсенді түрде қатысып, табандылығын көрсете білген оқушыларымызға мың алғыс!!!
Математика жəне информатика апталығы
19 қараша күні Оқушылар сарайында кезекті "Парасат" атты интелектуалдық ойын орыс тобында да өтті
19 қараша күні Оқушылар сарайында кезекті "Парасат" атты интелектуалдық ойын орыс тобында да өтті. Сол сайыста ерекше көзге түсіп, Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейі Байқоңыр аудандық кезеңінде 1 орын алды. Бір қызығы қазақ тобы мен орыс тобынан да бір мектептің оқушылары финалға өткен болатын. Бұндай жетістік тарих сахнасында бірінші рет орын алуда.
Ендігі финалда сəттілік тілейміз!!!
18 қараша күні Оқушылар сарайында "Парасат" атты интелектуалдық ойын өтті
18 қараша күні Оқушылар сарайында "Парасат" атты интелектуалдық ойын өтті. Сол сайыста топты жарып шығып, Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация лицейі" Байқоңыр аудандық кезеңінде 1 орын алды.
"Лицей барысы" турнирі
Тұңғыш Президент күні мен лицейдің 25 жылдық мерейтойына орай "Білім-инновация" лицейлері арасында республикалық "Лицей барысы" турнирі өткізіледі.
Оқушылармен ата-аналар арасында ынтымақтастық пен достық тақырыбында тәрбие сағаты
"Күшті ұлт болу үшін- алдымен ішкі бірлік ұйымшылдық пен татулық қажет" деп Елбасы айтқандай.Құндылық негізінде мектеп ретінде, оқушылармен ата-аналар арасында ынтымақтастық пен достық тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
13-14 қараша, Білім тексеру сынағы
13-14 Қараша аралығында лицейімізде дәстүрлі тоқсан сайын болатын Білім тексеру сынағы болды.Бұл емтиханда оқушылар өздерінің оқу барысында меңгерген білімдерін тексереді
Нариман Нұрланұлы оқушылармен кездесу
Нариман Нұрланұлы оқушылармен кездесуде өзінің балалық шағын еске алып ой бөлісті. Жас болса да үлкен қызметте отырған Нариман Нұрланұлы осы баспалдаққа ерен еңбегі мен терең білімінің арқасында жеткендігін оқушыларға түсіндіріп қана қоймай, жетістікке жетуде көп еңбектену керек екендігін жеткізді.Нариман Мукушев @Гульнар Умарова
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, іске асыру жөнінде баса айтылған болатын. Осы мақсатта
Алматы қаласында ағымдағы жылдың 1-3 қарашасы аралығында , ҚР білім және ғылым министрлігінің нұсқауымен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.
Бұл сайысқа әр облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және республикалық дәрежедегі білім орталықтарынан іріктелген 9 сынып оқушыларынан құралған 22 команда қатысты.
«БИЛ қырандары» тобының мүшелері өз номинациялары бойынша білімдері мен шығармашылығын көрсетіп, жоба қорғауда ерекшеленді.
Оқушыларды дайындаған тарих пәні мұғалімі, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Гульнар Мизинбайқызы. Оқушыларымыз екінші рет республикалық интеллектуалдық конкурсына қатысып, жылда жеңімпаз атанып, лицей атын шығарып жүр.
Лицейіміздің 25 жылдық мерей тойына орай, лицей оқушыларының 25 жылдық олимпиада жетістіктері.
Қ.Сәтбаев атындағы ІІІ республикалық химия олимпиадасы 29-31 қазан 2019ж.
Қ.Сәтбаев атындағы ІІІ республикалық химия олимпиадасы 29-31 қазан 2019ж.Олимпиадада лицейіміздің оқушысы Смет Алихан абсолют 🥇-орын иеленді.
Оқушыларымызды биік белестерден көре берейік.
Ата аналар арасында"Достық" спартакиадасы
Ата аналар арасында"Достық" спартакиадасы1.Волейбол: 6 ойыншы және қосалқы.2. Шахмат: 1 әке және 1 ана.3. Үстел теннисі: 1 әке және 1 ана.4. Тоғызқұмалақ: 1 әке және 1 ана.•Жарысқа тек ата аналар қатысады• Әр ата ана тек бір спорт түрінен қатыса алады.
Барлық сыныптарға сәттілік тілейміз !!!
ІІ Республикалық химиялық Қ.Сатпаев атындағы олимпиадаға іріктеу
ІІ Республикалық химиялық Қ.Сатпаев атындағы олимпиадаға іріктеу. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 тур нәтижесімен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Смет Алихан мен Қожахметов Ернұр 1 орын иеленіп, Республикалық ақтық мәреге жолдама алса, Мақсұт Санжар жүлделі 3 орын иеленді.
Қарттарым - асыл қазынам
Тілдер мерекесіне орай өткізілген "Қарттарым - асыл қазынам" атты қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған қаражатқа, лицей ұжымы, қарттар үйіне сыйлық жасай отырып, белсенді оқушыларымыздың жасаған жүрекжарды қойылымына ата-әжелеріміз куә болды. "Жас жүрген жер - мереке, қарт жүрген жер - береке" демекші оқушыларымызға үлкенді құрметтеу керек екенін тағы бір мәрте еске салғандаймыз.
Мектеп асханасын тексеру актісі №1-2
Қамқоршылық кеңесінің құрамы
"Қамқоршылық кеңес" отырысының № 1 Хаттамасы, 2019-2020 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесі отырысының №3 Хаттамасы
Қамқоршылық кеңесі отырысының №2 Хаттамасы
Қамқоршылық кеңесінің отырысының №1 Хаттамасы
Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының есебі