• ЛИЦЕЙДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

          • Нұр-Сұлтандағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2018-2019 оқу жылында мектеп бітіріп жатқан түлектермен қоштасуға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Шараға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз кезегін алған лицей директоры Жеңіс Жұмабайұлы алтын ұясынан түлеп ұшқан шәкірттеріне ақ жол тілеп, ал олардан кейінгі толқынға білім жолында ағаларының жарқын жолын жалғастыру аманат екенін жеткізді. Одан кейін сөз тізгінін алған “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қорының президенті Дарxан Өте жас талапкерлердің қалаған жоғары оқу орнына түсіп, еліне қызмет ететін мықты маманға айналуын тіледі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, публицист, ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007-2011 жылдардағы депутаты Алдан Зейноллаұлы ата-аналардың атынан түлектерге ақжарма тілегін айтты. Лицей шәкірттері жүрек тербетер ән айтып, көңіл толқытар күй тартып, жанды баураған қимастықты жеткізді. Сондай-ақ, түлектер білім мен тәрбие берген мұғалімдеріне қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде алғыс  айтып, олардың үмітін ақтау үшін барын салуға уәде берді. Шәкірт тәрбиелеуде аянбай жұмыс істеп жүрген ұстаздар қауымы арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ал лицейдің Білім символын республикалық ғылыми жоба қорғау сайысы қалалық кезеңінің 2-ші орын, республикалық педолимпиаданың 1-ші орын иегері, лицейдегі өзін-өзі басқару ұйымының 2017-2018 оқу жылындағы президенті Алмаз Қадес үздік 10-сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Жандос Нұрмұқановқа тапсырды. Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауын үздік 7-сынып оқушысы Әлішер Еслямбек пен республикалық пәндік олимпиададан 2 мәрте 2-ші орын алған, Бектұров атындағы Халықаралық олимпиаданың және 51-ші Менделеев Халықаралық олимпиадасының жүлдегері Абылай Қайратбек соқты. Айта кетейік, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының шәкірттері 2018-2019 оқу жылында талай білім додасында үздік нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, оқушылар қалалық олимпиадада 78, республикалық олимпиадада 41, қалалық ғылыми жоба сайыстарында 22, халықаралық ғылыми жоба сайыстарында 69 жүлделі орынды жеңіп алды. Биыл мектеп бітірген 92 түлектің жетеуі «Алтын белгі» белгісіне, он тоғызы ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер.

          • ЛИЦЕЙ БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕП АУЛАСЫНА ЕСТЕЛІК АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

          • Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының ұжымы «Он жыл өмір сүргің келсе, ағаш ек; Мәңгілік өмір сүргің келсе, ұрпақ тәрбиеле» деген даналық сөзді берік ұстанады. Олай дейтініміз, мектебімізде шәкірттерге білім мен тәрбие берумен қоса, қоршаған ортаны қорғауға да көңіл бөлінеді. Мәселен, 11-сынып оқушылары «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп ауласына ағаш отырғызып, соңынан еріп келе жатқан інілеріне жарқын үлгі көрсетті. Айта кетейік, мектеп бітіруші түлектердің көшет отырғызуы лицейімізде жыл сайынғы игі үрдіске айналған.

          • ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ МҰҒАЛІМІ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2019" САЙЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

          • Нұр-Сұлтан қаласында 21-мамыр күні қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Оқушылар сарайында өткен сайыста елорда мектептерінің ішінен үздік деп танылған 9 мұғалім өз бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені математика ғылымдарының докторы, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, лицейімізде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан математика пәні мұғалімі, «Олимп шыңына жетелеуші» дарынды ұстаз - Муаммер Гүл жеңіп алды. Бас жүлде иегеріне – 1 млн 745 мың теңге ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді. Жеңімпаз ұстазымызды айтулы жеңісімен құттықтап, одан да биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

          • Қ. БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

          •           ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Өскемен қаласында 2019 жылдың 25-26 сәуірінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері,        ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі,  Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен V  мәрте республикалық олимпиада өткізді.
            Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизмді, азаматтылықты, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

                     Олимпиадаға 14 облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Назарбаев зияткерлік мектептерінен және Республикалық физика-математика мектептерінен аймақтық іріктеу айналымынан өтіп, Республикалық кезеңге жолдама алған 250  оқушы қатысты. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қ. Бітібаеваның ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектері бойынша білімдерін көрсету арқылы бақ сынады. Астана қаласының білім беру мекемелерінен қатысқан 13 оқушының ішінде  дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы  Жамбыл Шыңғыс жоғары нәтиже көрсете білді. Екі айналымнан (1 айналым – жазбаша (эссе); - 2 айналым – ауызша) өткен олимпиада қорытындысы бойынша Шыңғыс III дәрежелі дипломмен марапатталып, естелік сыйлыққа ие болды. Жеңімпаз оқушымыз Жамбыл Шыңғысты және жетекші пән мұғалімі Мажибиева Бағила Жалғасқызын  жеңісімен құттықтаймыз!
             

          • ОҚУШЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

          • 21-27- сәуір аралығында Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Нева бойындағы қалаға жарысқа қатысу үшін 30-дан астам елдің, соның ішінде Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Израиль, Украина және Балтық елдерінің 150-ден астам талантты оқушылары жиналды. Олимпиада үш кезеңде өтті: бірінші және екінші турлар теориялық болса, ал үшінші турда тәжірибе жасады. Олимпиада қорытындысы бойынша лицейіміздің 11-сынып оқушысы Абылай Қайратбек осы беделді олимпиаданың қола медалімен марапатталды!

          • ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ - 2019

          • «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстанның 2019  жылғы ең үздік олимпиадалық мектептерінің ресми рейтингісін (http://daryn.kz/blogs/view/4/2908) жариялады. Олимпиадалық мектептердің рейтингісі негізгі ұлттық интеллектуалдық сайыс - 2019 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиада қорытындысын негізге ала отырып жасалған. Осы рейтинг бойынша лицейіміздің үздік олимпиадалық мектептердің ішінде алғашқы үштіктен орын алғанын қуанышпен хабарлаймыз!

          • МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА "МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

          • 17-18 – сәуірде Ақтау қаласында «Математикалық  регата» республикалық олимпиадасы өтті. БжҒМ ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдері арасында өткен жарысқа республикамыздың барлық өңірлерінен 19 команда қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы II дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы команда құрамында қатысқан лицейіміздің математика пәні мұғалімі  Мирзахмедов Ардақты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта талай биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

          • НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

          • 20-сәуір күні лицейімізде дәстүрге айналған Наурыз мерекесі аталып өтті. Бұл мерекенің ерекшелігі  - 7-10-сыныптар киіз үй тігіп,  түрлі ұлттың  киімін киіп, ұлттық өнерін таныстырып, тағамын дайындады. Оқушылар ата-аналарымен бірге би билеп, ән салды. Сонымен бірге, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік концерт болды. Наурыз мерекесін ұймдастыруға ат салысқан барлық оқушыларымыз бен ата-аналарымызға алғыс айтамыз.

          • "INFOMATRIX-ASIA" - 2019

          • 2019 жылдың 10-12 – сәуір аралығында лицейіміздің оқушылары Алматы қаласында өткен компьютерлік жобалар бойынша «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық конкурсына қатысып, 20 оқушымыз жүлдемен оралды. Жеңімпаз оқушыларымызды және жарысқа дайындаған жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

            Күміс медаль иегерлері:

            1. Советкалиев Алибек

            2. Ержанов Нұрасыл

            3. Кенжебек Аңсаған

            4. Тилеуов Алишер

            5. Ыдырыс Олжас

            Қола  медаль иегерлері:

            1. Пазылбеков Алидар

            2. Пазылбеков Данияр

            3. Бауыржанұлы Бағлан

            4. Шокенов Азат

            5. Амирбек  Абіл-Мансұр

            6. Ержанов Нурасыл

            7. Есенбек Нурсултан

            8. Курамысов Тамерлан

            9. Аман Зауытбек

            10. Харжаубай Бұлатегін

            11. Калиев Анияр

            12. Диас Елубаев

            13. Арман Жарас

            14. Алихан Арыстан

            15. Алихан Дүйсен

          • «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» КОНКУРСЫ ӨТТІ

          • 2-сәуір күні “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.  Аталған конкурстың мақсаты - жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге әрі әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Жарысқа қатысқан лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Рауят Нұрлан жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жеңімпаз ұстазымызды және жетекшісі Гүлнар Рахимованы шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта талай биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

          • ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

          • ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2019 жылы наурыздың 15-20 аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ақтөбе қаласында, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша Қызылорда қаласында оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға лицейімізден 28 оқушы қатысып, 21 оқушы жүлдемен оралды. 

            Математика:

            Данат Дүйсенбеков  10-сынып, Алтын медаль

            Абылай Ашкен, 10-сынып, Алтын медаль

            Марлен Раушанов, 9-сынып, Алтын медаль

            Бексұлтан Абдикаримов, 9-сынып,  Алтын медаль

            Сұлтанали Сейдалы, 11-сынып, Күміс медаль

            Тамерлан Махмутов, 11-сынып, Күміс медаль

            Фетуллах Сам, 9-сынып, Күміс медаль

            Шыңғыс Каришев, 11-сынып, Қола медаль

            Алишер Алибеков, 10-сынып, Қола медаль

            Нұрлыбек Тәубақабыл, 10-сынып, Қола медаль

            Биология:

            Ернұр Аширбеков, 10-сынып, Алтын медаль

            Диас Кәдірбек, 10-сынып, Күміс медаль

            Ануар Нысанбаев, 9-сынып, Күміс медаль

            Диас Ғалым, 10-сынып, Қола медаль

            Асылжан Бақтияр, 11-сынып, Қола медаль

            Химия:

            Абылай Қайратбек, 11-сынып, Күміс медаль

            Ернұр Қожахметов, 9-сынып, Қола медаль

            Информатика:

            Манас Маулен, 11-сынып, Алтын медаль

            Бейбарс Ыбырайахынов, 9-сынып, Қола медаль

            Қазақстан тарихы:

            Султан Ашимов, 11-сынып, Қола медаль

            Ағылшын тілі

            Архат Серикбеков, 10-сынып, Қола медаль

            Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық команда «Ең үздік олимпиадалық команда-2019» номинациясын жеңіп алса, көрсеткен үздік жетістіктері үшін лицейіміздің математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін-2019» номинациясы бойынша марапатталды. Оқушыларымызды, олимпиадаға дайындаған ұстаздарымызды және ата-аналарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы өтетін дүниежүзілік олимпиадаларда сәттілік тілейміз!

          • ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗИЯ-ТЫНЫҚМҰХИТТЫҚ ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

          • Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Азия-Тынықмұхиттық  және Жібек жолы халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. Осы жарысқа қатысқан мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.  Лицейіміздің 10-сынып оқушысы Дүйсенбеков Данат ең жоғары ұпай жинап, алтын медаль алып абсолюттік жеңімпаз (АТМО) атанса, Жібек жолы олимпиадасынан күміс медаль иегері атанды. АТМО бойынша Раушанов Марлен күміс медаль, Махмутов Тамерлан, Алибеков Алишер, Бекмухамбетов Дастан, Сам Фетуллах, Есенгелді Нұрдаулет  қола жүлдегер атанса, Жібек жолы олимпиадасынан Сейдалы Султанали қола медаль алды. Оқушыларымызды және жарысқа дайындаған математика мұғалімі Муаммер Гүлді құттықтаймыз!

          • ЛИЦЕЙ ҰСТАЗЫ "ҮЗДІК ЖАС МАМАН" БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

          • "Білім беруді жаңғырту орталығы" жуырда "Үздік жас маман" қалалық байқауын өткізді. Айта кетейік, бұл сайыс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жарияланған "Тəуелсіздіктің ұрпақтары" жастар жылы аясында ұйымдастырылды. Аталған байқауда Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының физика пəні мұғалімі Қайрат Ерназар үздік өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Лицей ұстазын жетістігімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруын тілейміз!

          • «ЗИЯТКЕРЛІК ФОРМУЛАСЫ» АТТЫ ЧЕМПИОНАТ ӨТІП ЖАТЫР

          • Елордада VI Бүкілресейлік «Зияткерлік формуласы» зияткерлік ойындардың чемпионаты аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты сайыс өтті. Бұл білім бәсекесінде Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларынан жасақталған топ өте сәтті өнер көрсетіп, келесі финалдық кезеңге жолдама алды. Айта кетейік, чемпионатқа Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасының жастары да қатысып жатыр. Үш елдің үздік өрендері 23 наурызда Астанада өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды.

          • ШӘКІРТТЕР ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНА БАРДЫ

          • Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары елордадағы Қуыршақ театрына барып, «Мәңгілік бала бейне» атты қойылымды тамашалады. Онда сынақ алаңының жергілікті халық денсаулығына тигізген зардабы мен жұрттың басына түскен қасірет әсерлі көрсетілді. Шәкірттер тарихтың қаралы беттерінен хабардар болып, адамзат жасаған қателіктерден ой түйіп қайтты.

          • ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ТАБЫСПЕН ОРАЛДЫ

          • Түрлі білім додаларында ел абыройын асқақтатып жүрген Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Оңтүстік Корея елінде өткен халықаралық ғылыми жоба сайысында да жеңісті жолынан жаңылған жоқ. Атап айтқанда, Дәут Мағжан бірінші орын, Слямов Дарын, Асқар Дәулеткерей, Дәрігер Рустам екінші орын, ал Жеңіс Мақсат, Қуат Ернар, Әшімов Сұлтан және Пириев Омар үшінші орын алды. Лицей шәкірттерін және олардың ұстаздары Гүлнар Рахимова, Алигасан Молдатаев, Есбол Дүйсеев, Ерназар Қайрат, Гүлқайың Жатақбаева, сондай-ақ, Муаммер Гүлді құттықтап, ерен еңбегі үшін алғыс білдіреміз!