• ШӘКІРТТЕР ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ЖАРЫСТЫ ТАМАШАЛАДЫ

          • 24 қазан күні лицейдің 7-сынып оқушылары қазақ күресінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысты тамашалауға барды. Біздің білім ошағында шәкірттерді жоғары деңгейде оқытумен қатар, олардың салауатты өмір салтын ұстануына да баса мән беріледі. Бұл мәселеде спорттық шараларға апарып, оларға «Денсаулық – зор байлық» екенін түсіндірудің маңызы зор. Сонымен қатар, төл спортымыздың қыр-сырын өз көзімен көру арқылы оқушылар халқымыздың дәстүрі мен өмір салтын да меңгере түсті.

          • "БІЛІМ КӨКЖИЕГІ" АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

          • 12 қазанда лицейдің 11-сынып оқушылары Тәуелсіздік Сарайында өткен «Білім көкжиегі» атты көрмеге қатысты. Ғылым әлеміндегі жаңалықтардан хабардар болып, заманауи технология түрлері жайлы мол мәліметке қаныққан 94 шәкірттің аталған іс-шарадан алған әсері ерекше. Ғылым-білімге деген ынта-құлшынысы арта түсті десек те болады.

          • "ЕҢБЕК КҮНІНЕ" БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУШЫЛАР ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ

          • 6 қазан күні лицейіміздің 10-сынып оқушылары «Еңбек күні» мерекесіне байланысты құрылыс алаңына барып, құрылысшылардың еңбегі мен жұмыс күнін өз көздерімен көрді. Мұндай шаралар шәкірттерге кез-келген мамандық иесінің өзіне тән қиындығы болатынын және өзгелердің еңбегін бағалау керектігін ұқтыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, олар еңбексүйгіштік пен табандылыққа бір табан жақындай түскендей.

          • ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

          • 27 қыркүйек күні Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары «Көрме» іскерлік орталығында қауіпсіздік шараларына арналған көрмені тамашалады. Онда 60-тан астам заманауи технология түрі шәкірттерге көрсетіліп, олардың қалай іске қосылып, қалай жұмыс істейтіні таныстырылды. Сондай-ақ, адам өміріне қауіп төндіретін жәйттар мен олардың алдын-алудың жолдары түсіндірілді.

          • ДӘРІГЕРЛЕР ДӘРІС ОҚЫДЫ

          • Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушыларына №8 қалалық емхана дәрігерлері А.Д. Бимендина, К.Ж. Бозжігітова және Ж.М.  Жұмабаев "Таза қолдар" және "Көз ауруларының алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды. Негізінде, халқымыз «Ішің ауырса, аузыңды тый, Көзің ауырса, қолыңды тый» - деп әлденеше ғасыр бұрын айтқан. Сірә, бабаларымыз тазалықтың маңызын әлімсақтан білсе керек. Жоғарыда аталған дәрісте дәрігерлер осы мәселені оқушыларға заманауи медицина тұрғысынан түсіндірді. Шәкірттер жеке гигиена сақтаудың мән-маңызына одан сайын қаныға түсті.

             

             

          • Осман Диясқа қайырымдылық  жәрмеңкесі

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары  2009 жылы бітірген лицейіміздің мақтанышы болған Осман Диясқа арнап қайырымдылық  жәрмеңкесін ұйымдастырды.   Қайырымдылықтан түскен ақшаны Диястың ата-анасының счетіне аударды. Жәрмеңке өз деңдейінде өткізілді.

               Жәрмеңкеге лицейдің барлық оқушылары атсалысты.

          • Күйшілер мен ән-термешілер байқауы

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары : Айтбеков Даурен,  Сүлейменов Алмат, Дүйсенов Акжолтай және  Байекешов Ғали «НҰР ОРДА» мектеп-лицейінде  өтілген қалалық «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты күйшілер мен ән-термешілер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 19 оқушы қатысқан күйшілер байқауында оқушылар өздерінің  көркемөнерпаздық қабілеттерін көрсете білді.

          • «ҚР  тұңғыш Президенті күні» 7-11 сыныптар бойынша аталып өтілді

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «ҚР  тұңғыш Президенті күні» 7-11 сыныптар бойынша аталып өтілді. Сынып сағаттарында елбасының ерен еңбектері оқушыларға толық түсіндірілді.  Оқушылар елбасы туралы постер жасап, сол постерлерін өзара қорғады.

          • 8-9,10-11 сынып оқушылары арасында лицейішілік футболдан турнир

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-9,10-11 сынып оқушылары арасында лицейішілік футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирге оқушылар аса қызығушылықпен қатысты.  Қорытындысында  лицей әкімшілігінің кубоктарын 10 «с»және

             8 «с» жеңіп алса, мадақтама грамоталарын 7-9 сынып оқушылары өзара бөлісті.

          • Астанада дүниежүзін дүр сілкінуі тиіс он жоба іріктелді!

          • Қазақстанда алғашқы рет өткзілген ұлттық инновациялық олимпиадаға «Жасыл энергтика», «Ай-ти», «Моделдеу және роботехника» тақырыптары бойынша 200-ге жуық жоба ұсынылды. Солардың қатарынан жүзден жүйрік атанған 20 жоба жеңімпаздары медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар арасында «Білім-инновация» лицей оқушысы Колосниченко Арсений бар екенін мақтанышпен айтамыз. Оқушылардың инновациялық  жобалардың ұлттық олимпиадасының менторлық куәлігіне ие болды.

            Жоба жеңімпазын шын жүректен құттықтап, жеңіс тұғырына шыға беруіне тілектеспіз!

          • «Көшбасшы оқушысы» жүлдегері ортамызда!

          • «Астана дарыны» өңірлік білім беру мекемелері 10-11 сынып оқушыларының арасында өткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай      « Елордалық білім беру мекемелерінің  көшбасшы оқушысы» қалалық интеллектуалдық конкурсын ұйымдастырды.Осы  додада  дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация»  лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Серікбаев Ақниет бағын сынаған еді. Іріктеу кезеңіне 39 білім ордасының үміткерлері өз күштерін сынасты. Ақтық мәреге 12 үміткер өтті.

            Ақниет жүлделі 3 орын иеленіп , дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

            Ақниетті жеңісімен құттықтай отырып, келешекте нағыз КӨШБАСШЫ болуына шын жүректен тілектеспіз!

            Қанатың талмай, биікке самғай бер Ақниет!

          • 9-сынып оқушылары «АЛЖИР» лагерінде

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.11.2017ж. күні 9-сынып оқушылары  Малиновка кентінде орналасқан «АЛЖИР» лагеріне   саяхатқа барды.  Оқушылар лагерден  үлкен әсер алып қайтты. 

                   Лагерьге 50 оқушы барды.

          • Заң қызметкерлері лицейімізде

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.11.2017ж. күні 9 «а» сынып оқушылары  Әділет қызметінің майоры Орынбасаров Дидар және «Есіл» аудандық ІІД бөлімінің капитаны  Жасұзақ Қарлығаш ханыммен кездесті. Оқушылар заң қызметкерлеріне әр түрлі сұрақтар төңірегінде сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Кездесуде оқушыларға  қонақтар өздерінің мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсіндірді.

          • «Таң шолпан» таңертеңгілік бағдарламада оқушыларымыз және мұғалімдеріміз

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.11.2017ж. күні Қазақстан  арнасындағы «Таң шолпан» таңертеңгілік бағдарламаға математика пәні мұғалімі Муаммер Гүл, физика пәні мұғалімі Дүйсеев Есбол және 11-сынып оқушысы Омаров Рауан мен  Дүйсенбеков Данат барып, жүздесті. Бағдарламада оқушылар өздерінің алған жеңістерімен бөлісті. Ал мұғалімдер осындай жетістікке жетудің сырларымен бөлісті.

          • СДУ-дан қонақтарымыз

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.11.2017ж. күні 11-сынып оқушыларымен Алматы қаласынан СДУ мұғалімдері  проферентациялық жұмыс жүргізді. СДУ мұғалімдері оқушыларды университеттің факультеттерімен таныстырды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында оқушыларға  буклеттер таратылды.

          • Ибрагим Ескендір, Бабыржан Момынов және Ж. Түкешов лицейімізде

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.11.2017ж.күні  9-11 сынып оқушыларымен  әнші, «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ибрагим Ескендір және қазақтың батыр жігіттері , былғары қолғап шеберлері-ҚР спорт шебері, бокс сарапшысы, бапкер Ж. Түкешов және кәсіпқой боксшы Бабыржан Момынов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кездесті.  Кездесуде оқушылар бокстың қыр-сырымен танысып, әртүлі сұрақтардың жауабын алды.  «Көк тудың желбірегені» әнінің шығу тарихы оқушыларды қызықтырды.

            Кездесуге 120 оқушы қатысты.

          • «АЛЖИР» лагеріне саяхат

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.11.2017ж.күні 7-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Ақмол кентінде орналасқан «АЛЖИР» «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагеріне саяхатқа барды.  Саяхаттан оқушылар үлкен әсерде келді. Сол кездегі зиялы қауымның жұбайларының мүшкіл халдерін естіген оқушылардың көздеріне еріксіз жас келді.

               Саяхатқа 78 оқушы барды.

          • Лицейлер арасында футболдан республикалық турнир

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қараша айында  7-8 сынып оқушылары арасында республикалық  футболдан турнир өткізілді. Турнирге республика бойынша 27 команда қатысты. Жартылай финалға 4 команда жүзден  жарып шығып, өзара тартысқа түсті.  Ол командалар: Атырау, Павлодар, Құлсары және Астана ұлдар командасы болды. Өзара тартыста  біздің лицейдің  оқушылары  ІV орынға ие болды.

          • Оқушылар ҚР Ұлттық музейінде

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «с» сынып оқушылары 11 қараша күні ҚР Ұлттық музейіне барды. «Ежелгі және ортағасыр тарихы залы», «Этнография залы», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарын аралап,  өткен тарихпен тереңірек танысты.  Оқушылар ҚР Ұлттық музейінде 10-12 қараша күндері өтіп жатқан«Эрмитаж күндер» атты шарасына да қатысты. Эрмитаждың «Санкт-Петербургтың әскери ескерткіштері», «Мемлекеттік Эрмитаж жинағындағы батысеуропалық қару-жарақтар коллекциясы» залдары оқушыларға ерекше ұнады.

          • «НЕ?, ҚАЙДА?, ҚАШАН?» республикалық  интеллектуалды ойыны

          • «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-10 сынып оқушыларынан құралған топ Қарағанды қаласында өткен «НЕ?, ҚАЙДА?, ҚАШАН?» республикалық  интеллектуалды ойынға қатысты. Бұл ителлектуалды ойынға барлық облыстан жастар, әсіресе студенттер құрамы болды, сол құрамда әрине биздің де оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Интеллектуалды ойында 23 команда қатысып, өзара додаға түсті. Біздің оқушылар «Ең үздік жас команда» номинациясын ұтып алды. Топта 6 оқушы болды. Олар: Джуламанов Тахир, Калиев Анияр, Болатбек Рамазан, Советқажиев Әлібек, Дуйсенбай Шерхан, Мамырбеков Мадияр. Жеңіс құтты болсын!