• Сенбілік
          • Сенбілік

          • Экологиялық айлықпен тұспа- тұс келген «Еңбек күнін»-де  лицейдің ұжымы мен оқушылар толығымен қалалық сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты. Бұл күні лицей ауласымен қатар айналасы да жиналды. Оқушылар еңбекпен тапқан нанның дәмді екенін сезінді. 

        • Қызылша ауруының алдын алу
          • Қызылша ауруының алдын алу

          • Астана  дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің дәрігері Ж.С. Жалмағанбетова 15 жасқа толған оқушыларға қызылшаға қарсы  екпесін өткізбес бұрын ата-аналарымен сұхбат жүргізді. Сұхбаттың мақсаты   оқушыларды қызылша ауруының алдын алуы және дұрыс қабылдауы жөнінде ақпарат беру болды.

        • «Еңбек ерлікке бастайды» атты кездесу
          • «Еңбек ерлікке бастайды» атты кездесу

          • Еңбек күніне орай 10 сыныптардың ұйымдастыруымен «Еңбек ерлікке бастайды» атты кездесу өткізілді. Кездесу кешіне арнайы қонақ ретінде ұлағатты ұстаз, ардақты ана, еңбек ардагері Б.Қыстаубайқызы шақырылды. Сыр-сұхбаттың мақсаты ардагерлер жолын жас ұрпаққа үлгі ете отырып, қажырлы еңбекке баулу.  Сыр-сұхбатта оқушылар кеш қонағына өздерінің сұрақтарын қойып тапсырмаларымен ой бөлісті. Сыр-сұхбат соңында оқушылар мұғалімдеріне 5 деген баға қойылып, естелікке өз сыйлықтарын тарту етті. Оқушыларға әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай айтылған ұстаздың ойы әсер қалдырды.

        • Денсаулығым-байлығым
          • Денсаулығым-байлығым

          •   Лицейімізде «Денсаулық» күніне арналған «Денсаулығым-байлығым» атты 9 сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайыс әр түрлі кезеңдерден тұрды. Сайыс оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануымен қатар ептіліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыста оқушылар өздерінің спортқа деген сүйіспеншіліктерін істерімен көрсетті.Әсіресе оқушыларды қызықтырған  қолкүрес, арқан тартыс, турникке тартылу және  мини футбол сайысы болды.

        • Алғашқы қоңырау кезіндегі марапаттау
          • Алғашқы қоңырау кезіндегі марапаттау

          • Жаңа оқу жылы лицейімізде жаңа да жарқын табыстарымен басталды, алғашқы қоңырауда лицейіміздің көптеген мұғалімдері қажырлы еңбектерінің жемісі ретінде Білім министрлінің мақтау-мадақтау қағаздарымен марапатталды, атап айтқанда Исмаил Гесен информатика пәні мұғалімі, Сагиева Бибигуль орыс тілі пәнінің мұғалімі, Сапаргалиева Махфуза, Сералина Жанна қазақ тілі пәні мұғалімі, Жатақбаева Гүлқайың география пәнінің мұғалімі оның ішінде ерекше мадақтау Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен Муаммер Гюль математика пәнінің мұғалімі марапатталды.

        • Талантты ұстаз дарынды балаға
          • Талантты ұстаз дарынды балаға

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының математика пәні мұғалімі, «Олимп шыңын» бірнеше дүркін бағындырған, Елбасының марапаттауын алған Муаммер Гүлдің баптаған оқушылары  мамыр айының 1-4 күндері біздерді тағы бір қуантты.

              Грузияда өткен жасөспірімдердің Халықаралық ғылыми сайысына Оңтүстік Африка, Индонезия, Малайзия, Албания, Индия, Тайланд және ТМД елдерінен 300 үміткер қатысты. Олимпиаданың мақсаты әр елдегі жас таланттарды ғылымға тарту болатын. Математика пәнінен қатысқан лицейдің  3 оқушысы да жүлделі орындар алып келді. 11 сынып оқушылары Аминжан Эйнар, Мамырбеков Ерасыл алтын,  Асылбеков Данияр күміс медальдарға ие болды.

            Осы аралықта Мәскеу қаласында өткен Халықаралық «Математика и проектирование» ғылыми жобалар сайысында 11-сынып оқушысы Омаров Бейбарыс І орынды жеңіп алды.

            Муаммер Гүлдің резервтегі шәкірттері, 7-8 сынып оқушылары,  сәуір айында ғана өткен Халықаралық И.Ф.Шарыгин геометриялық олимпиадасына қатысып,  1  күміс, 3 қола медальдарын алып келген еді.

            Еңбегімен елді қуантқан Ұстаздың абыройы аса берсін демекпіз!

             

            Жүнісова Гүлназ Минтаевна

        • Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ақсұңқар» әскери-патриоттық саптүзеу өткізілді
          • Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ақсұңқар» әскери-патриоттық саптүзеу өткізілді

          • Астана дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 7-8 сынып оқушыларына 5.05.2015ж.күні Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ақсұңқар» әскери-патриоттық саптүзеу ұйымдастырылды. Бұл жарыстың мақсаты оқушыларды отансүйгіштікпен қатар, жасөспірімнің отан алдындағы борышы әсери тәртіпке үйрету болды. Жарысқа оқушылар бір кісідей атсалысты. Жарыс өз дәрежесінде өтті.

        • 8-7 сынып оқушылары арасында «Бір –кітап, бір-әлем» атты акциясы
          • 8-7 сынып оқушылары арасында «Бір –кітап, бір-әлем» атты акциясы

          • 6.05.2015ж.күні Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей –интернатының 8-7 сынып оқушылары арасында «Бір –кітап, бір-әлем» атты акция бойынша көркем әдебиеттен жарыс ұйымдастырылды. Негізі сайыс Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңына арналды. Б. Момышұлының «Ақиқат пен аңыз»,»Ұшқан ұя» , Т. Ахтановтың соғыс туралы шығармалары бойынша оқушылар тест  тапсырды.  Сайысқа 7-8 оқушылары арасынан 64 оқушы өз білімдерін көрсетті.

        • Жеңістің 70 жылыдығына орай ашық сынып сағаттары жүргізілді. 8 «б» сынып жетекшісі  Н.Ж. Төлебаева «Алаштың ардағы-Бауыржан Момышұлы» атты сынып сағаты
          • Жеңістің 70 жылыдығына орай ашық сынып сағаттары жүргізілді. 8 «б» сынып жетекшісі Н.Ж. Төлебаева «Алаштың ардағы-Бауыржан Момышұлы» атты сынып сағаты

          •  5.05.2015ж. күні 7-11 сыныптар арасында   Жеңістің 70 жылыдығына орай ашық сынып сағаттары жүргізілді. 8 «б» сынып жетекшісі  Н.Ж. Төлебаева «Алаштың ардағы-Бауыржан Момышұлы» атты сынып сағатын жаңа дәстүрде өткізді.

               7-сыныптар бойынша да оқушыларға сынып сағаттары жоғары дәрежеде өткізілді. Барлық сыныптар бойынша бейнефильмдер көрсетілді.

                Қорытындысында оқушылар жеңістің жай келмегені жайлы түсінді.

                    Сынып сағаттары өтілген соң  Ш.Айтматовтың «Жер-Ана» қойылымы қойылып, оқушыларға тәрбиелік мәні түсіндірілді.

        • «Ғажайып жеті саны» викториналық ойын
          • «Ғажайып жеті саны» викториналық ойын

          • «Армысың, әз Наурыз !» апталығының үшінші күні  11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруыме 7, 8-сынып оқушылары арасында жеті саны жайында ой-өрістерін кеңейту, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайында білімдерін дамытуға ықпал ету, жылдамдыққа баулу мақсатында «Ғажайып жеті саны» викториналық ойыны өткізілді. Жеті ғашықты, жеті жұтты, жеті қазынаны, жеті атаны, жеті қат көкті жарыса айтқан оқушылар арасынан 7 «С» сыныбы белсенділігімен танылды. 

        • Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша 9-сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясы
          • Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша 9-сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясы

          •    Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай лицейде Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша 9-сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясы өткізілді. Оны лицей кітапханашысы Ш.Нұрбекова ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты оқушылардың ізденушілік белсенділігін дамыту арқылы адамның ішкі толғанысын, психологиясын сезіне білуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.

              Оқушылар роман желісі бойынша өз ойларын ортаға салып, өзара ой бөлісті.

        • Тамыз конференциясы шешімдеріне байланысты озық  іс-тәжірибелерді тарату мақсатында жыл бойы өткізілген шаралар
          • Тамыз конференциясы шешімдеріне байланысты озық іс-тәжірибелерді тарату мақсатында жыл бойы өткізілген шаралар

          • Астана  қаласы дарынды ер балаларға арналған  қазақ-түрік лицей-интернаты тамыз конференциясы шешімдеріне байланысты озық

            іс-тәжірибелерді тарату мақсатында жыл бойы біраз шаралар өткізіп келе жатыр.

             Осы мақсаттағы шаралардың бірі ретінде ақпанның 25-і күні қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.

             Вебинар тақырыбы: Инновациялық технология оқу-тәрбие үрдісінде.

            Мақсаты оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық технологияларды   

             ортаға салу болды.

            Білім  басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің      бас маманы А.Аманкелдиева семинарды ашып, оның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Әріптестерге төмендегідей әдіс-тәсілдер ұсынылды:

            1. Оқу-тәрбие жұмысын электронды басқару тиімділігі.  Edupage бағдарламасымен  Сламбеков Ерлан Сламбекұлы таныстырды. Ол бұл бағдарламаның ата-анамен қарым-қатынаста тиімділігін көрсетті. Баласы туралы кез келген мәліметті ата-анасы қолма-қол алып, хабардар болады. Мысал келтірсек, оқушының бағасы, үй тапсырмасы, кешігуі, сабақ босатуы т.б
            2.  Измаилов Данияр Мұратпекұлы физика сабағында «Kahoot» технологиясын  қолдана отырып, оқушының сабаққа қызығушылығының қалай артқанын өзінің сабақ барысындағы зерттеулерінен көрсетті.  .
            3. Нұрханов Қадыржан Сембайұлы интерактивті  технологияны биология сабағында қалай қолданатынын және мұғалімдердің интернет арқылы қалай қосылу керек екенін баяндады.  

             4.PBL  (Problem-Based Learning)  – білім  беруді дамыту және бағалау   негізіндегі жоба бойынша сөйлеген Жүнісова Гүлназ Минтайқызы тиімділігін айта келіп, математикалық-жаратылыстану және тарих пәндері бойынша жасаған жұмыстарды демонстрациялап көрсетті.

            Семинарда лицей ұжымы тыңғылықты дайындалды. Уақыт үнемділігін ескеріп, алдын-ала дайындалған фотосуреттер мен фильмдер көрсетілді.

             Вебинар соңында қатысушы мектептермен сұрақ-жауап алмасу болды. Вебинарға қосылған қаланың 33 мектебі сұрақтар қоя отырып, семинарды ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

             

            Жунусова Гулназ Минтаевна, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

        • Толағай жеңістер бола берсін!
          • Толағай жеңістер бола берсін!

          • Астана  қаласы дарынды ер балаларға арналған  қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары ақпан айында Алматы қаласында өткен  жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық ғылыми жобалар сайысынан жеңіспен оралды. Лицей қоржыны тағы 6 қола медальмен толықты.

                Аналар  күні мерекесінің алдында ғана лицейдің 10 оқушысы Алматы қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып,          2 күміс, 8 қола медальдардын қанжығасына байлап қайтты.

            Наурыздың 2-4 аралығында Кореяның Дейджон қаласында өткен Халықаралық  «Жас ғалым» ғылыми жобалар конкурсына 3 оқушы  қатысып, 2 қола жүлдемен оралды.  

            Жүлделі оқушылардың басым көпшілігі математика мен физика пәні болғандықтан, мұғалімдері Муаммер Гүл мен Измаилов Данияр Мұратпекұлына ата-аналардың алғысы шексіз.

               Бұл мұғалімдерге тек қана бір тілек: Қоржындары   толағай жеңістерге тола берсін! 

          • Сәкен Сейфуллин мұражайына саяхат

          • 7-сынып оқушылары ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин мұражайына саяхатқа барды. Мұражайда қоғам қайраткерінің жүріп өткен жолымен таныса отырып, ақын шығармаларымен де танысты. Ақынның туған-туыстары, балалары, шығармашылығы жайлы танысып, білмеген мәліметтерге қанықты. Келген соң өздерінің мұражайдан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп, «Алаштың арысы» атты  эссе жазды.

        • География апталығы
          • География апталығы

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында жоспарға сай  «Әлемді география арқылы таны» тақырыбында география апталығы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу арқылы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылар берілген жұмыстарға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Олар географиялық макеттер, интеллектуалды жарыстар, ашық сабаққа және  «Әлем елдеріне саяхат» атты сайысқа үлкен жауапкершілікпен қатысып, ата-аналар да тартылды. Белсене қатысқан оқушылар апталық қорытындысында мадақтамамен, шағын сыйлықтармен марапатталды. Мұғалімдерге «Сабақ мақсатын қою» тақырыбында коучинг өткізіліп, қалалық деңгейде  тәжірибе тарату болды.

             

                       

        • «Пай-пай, қазақтың  келіндері-ай!»  сайысы
          • «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» сайысы

          • Астана қаласы дарынды ер  балаларға арналған қазақ-түрік  лицей-интернатында Халықаралық әйелдер күніне орай отбасы тірегі - әйел-аналарымыздың рөлі мен міндеттерін айшықтап, ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміздің құндылықтарын оралту  мақсатында «Пай-пай, қазақтың  келіндері-ай!»  сайысыөтті. Қатысушылар «Мен келінімін қазақтың»,
             «Ана көрген тон пішер», «Әлди, әлди, ақ бөпем», «Әр елден келін келер, әр түрлі ырым етер», «Асы дәмді, дастарханы сәнді»«Өнерлі өрге жүзер» шарттары бойынша өзара сынға түсті. Өмірде бір әулеттің келіні болып жүрген аналар қазақ келініне тән құндылықтарды құрметтеп, инабаттылық пен көргенділіктің, іскерлік пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Өздерін таныстырудан басталған байқауда қатысушылар қолөнер бұйымдарын дайындау, бесік жырын айту, қамыр жаю, өнерлерін көрсету,  тыйым сөздерге байланысты сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден сүрінбей өтіп, жан-жақтылықтарын танытты.

            Қазылар алқасының шешімімен  Жанаева Лаура (7 «В» сыныбы) бірінші орынды иеленді. 8 «А» сыныбынан қатысқан Сапарғали Әлия екінші орынға қол жеткізсе, үшінші орын Салтанат Мырзахметоваға (7 «С» сыныбы) бұйырды. 8 «В» сыныбынан қатысқан Хайруллина Жанна «Көрікті келін», Абылгазиева Феризат (8 «С» сыныбы) «Парасатты келін», Рахметова Гүлзада (7 «А» сыныбы) «Шебер келін» номинацияларына ие болды.

            Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом және алғыс хатпен марапатталды.

        • Инновациялық технология оқу үрдісінде
          • Инновациялық технология оқу үрдісінде

          • Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған Ұлттық          іс-қимыл жоспарына сәйкес біздің лицейдің де жұмыс тақырыбы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» болып табылады. Осыған орай    2014 жылдан бастап, оқу үрдісіне PBL бағдарламасы енгізілді.

                 Project Based Learning (PBL) дегеніміз не? PBL – білім  беруді дамыту және бағалау негізіндегі жоба. PBL жобалау арқылы білім беруді іске асырады. Яғни жобалау арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне  жол ашады.  Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу үрдісіне «практика негізінде оқыту» (ағыл. learning by-doing) деген атпен енген болатын, ал қазіргі жаңашыл педагогтар «PBL жоба арқылы білім беру» деп атап жүр. PBL оқушыларды әр деңгейдегі зерттеулерге қатыстыра оқыту процесін жеңілдетеді. Жаңа  өмір талабына сүйенсек, біздің міндетіміз – ересек өмірге  дайын, сенімді түрде енетін оқушы тәрбиелеу.  Мектепте алған білімді барлығы бірдей өмірде пайдалана білмейді. «Алып жатқан  білімім бүгін болмаса, ертең қажетіме жарайды» деп оқыған бала ғана ертеңінен үміт күтеді, сенім пайда болады, қазірден бастап өмірін жоспарлауға мүмкіндік алады. Сондықтан  да PBL-ді оқу үрдісіне дәстүрлі тәсіл ретінде енгізсе, құп болар еді.  

                    Біздің лицейде  PBL - жоба негізінде білім беру негізінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде басым қолданылады. Биылғы оқу жылынан бастап, қоғамтану пәндерінде де қолданыла бастады.

                  Мысалы, тарих пәнінің мұғалімі Сламбеков Ерлан Талгатбекұлының басшылығымен жасаған жобалардың бірі – Ханшатыр. Кіріспес бұрын оқушылар Ханшатырдың географиялық, физикалық, геометриялық  ерекшеліктерін, тарихын зерттеп біледі. Оны жасау тәсілдерін ойланады. Оған аналогиялық балама ұсынады.

                Химия пәні мұғалімі Балмасов Дамир Табылдыұлының сабақтарында   

            8-сынып оқушылары Менделеевтің периодтық кестесін жоба арқылы құрастырды. Әрине әр химиялық элементке жоба жасамас бұрын, оның қасиеттерін егжей-тегжейлі зерттеу керек. Ауаның молекулаларын жоба арқылы көрсету де оқушылардан аз шығармашылықты талап етпейді.

             

                Измаилов Данияр Мұратпекұлының оқушылары физика сабақтарында «ЭКСПО -17» бағдарламасы бойынша «Болашақ энергиясы» тақырыбында жобалар жасай бастады. Су және жел диірмендері арқылы электр тогын өндіру, күн энергиясы арқылы ауыз су тапшылығы бар жерлерде суды тазарту деген сияқты жобаларды ұсынуда. Сонымен  қатар оқушылардың жасаған жобаларының замануй сипат алуы қуантады. Олар жобаларды жаңаша дизайн арқылы жасап, тіпті алған энергияны қосымша музыка тыңдауға да қолдана білген.

                Қорыта келе, белгілі тақырыпқа арналған зерттеу жобасы оқушылардың бойында тығырықтан шығу жолын, оның мүмкіндіктерін қарастыруда  іздену дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылыққа баулиды. Тез шешім қабылдауға дағдыландырады.

                                              

             

             

             

             

            Жунусова Гүлназ Мінтайқызы

            Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты Директордың  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары  

        • 11-сынып  оқушыларымен оңтүстік Корея мемлекетіне «КЁНГИ » Университет өкілдерімен кездесу
          • 11-сынып оқушыларымен оңтүстік Корея мемлекетіне «КЁНГИ » Университет өкілдерімен кездесу

          • Наурыздың алғашқы күндері басталысымен 11-сынып  оқушыларымен оңтүстік Корея мемлекетіне «КЁНГИ » Университетіне шақыру мақсатында профессорлар келіп ,сұхбат жүргізді. Университетке қызығушылық танытқан оқушылармен жеке сұхбат жүргізіліп, таныстырылды. Бұл кездесу оқушылар үшін мамандық таңдауларына үлкен септігін тигізе білді. 

        • Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты  КазГЮ Университеті ұйымдастырған қалалық «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» -атты сайыс
          • Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты КазГЮ Университеті ұйымдастырған қалалық «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» -атты сайыс

          • Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты  КазГЮ Университеті ұйымдастырған қалалық «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» -атты сайыс өткізілді. Осы сайысқа біздің лицейден 9 «б» сынып оқушылары  әзірбайжан ұлтының мәдениетін көрсетті. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі А.М. Сапарғалиева.  Сайысқа 20 мектеп қатысты. Негізі 3 турдан тұрған сайыс оқушылар үшін жауапкершілікті талап ете білді. Сол турдан  өтіп ,қорытындыға жеткен оқушылар  өздерінің  әзірбайжан өкілінің билерін көрсеткендеріне дән риза болды. Қорытынды бойынша жетекшісі мен лицей басшысына алғыс хат тапсырылды.