• 7 желтоқсан халықаралық азаматтық авиация күні мерекесіне орай лицейде 10-11 сынып оқушыларымен ерекше кездесу
          • 7 желтоқсан халықаралық азаматтық авиация күні мерекесіне орай лицейде 10-11 сынып оқушыларымен ерекше кездесу

          • 7 желтоқсан халықаралық азаматтық авиация күні мерекесіне орай лицейде 10-11 сынып оқушыларымен ерекше кездесу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларға авиация саласы жөнінде ақпараттар беру, арнайы шақырылған қонақтар болды. Aтап айтқанда мемлекеттік авиациялық орталықтың бас директоры генерал-майор Сандыбаев Жиентай Ибрагимұлы және мемлекеттік авиациялық орталығы ұшу отрядының капитаны Жандарбинов Мұрат Амангелдіұлы сыр-сұхбаттың ашылуы ретінде қонақтармен таныстыра отырып, оқушылар жеке және айрықша мамандыққа қатысты көптеген сұрақтар қойды. Кеш соңында қонақтармен естелікке суретке түсіп, жас жеткіншектерге маңызды ақыл-кеңес берген кеш болды.

        • 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай ата-аналар арасында волейболдан лицейішілік турнир
          • 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай ата-аналар арасында волейболдан лицейішілік турнир

          •  Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай жылдағы дәстүр бойынша ата-аналар арасында волейболдан лицейішілік турнир ұйымдастырылды.  Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын дәріптей отырып, жас ұрпаққа спортпен шұғылданудың маңыздылығын жеткізу. Турнирге ата-аналармен қатар лицей ұжымы да бірауыздан белсене қатысты, әрбір сыныптың ата-аналары жеке команда болып сынға түсті, барлығы 10 команда 20 ойыннан тұрды. Финал ойынына 8 «c»  және 10 сынып ата-аналар командасы шықты. Нәтижесінде 10 сынып ата-аналар командасы алға озып жеңімпаз атанды. Жалпы турнирді лицейішілік ауқымды бұқаралық іс-шара болды деп айтуға толық негіз бар. Марапаттау рәсімінде әрбір қатысушы командаларға мадақтау қағаздарымен қоса бағалы сыйлықтар жасалды және де жеке ерекше көзге түскен қатысушыларда марапатталды. Саламатты Қазақстан бағдарламасына сәлде болса өз үлесін қосқан,денсаулықтың бірінші байлық екенін тағы бір айқындаған спорттық іс-шара осылай өз мәресіне жетті.

        • Президент күні қарсаңында Тұңғыш Президент мұражайына саяхат
          • Президент күні қарсаңында Тұңғыш Президент мұражайына саяхат

          • 30.11.2015ж. күні лицейдің 7 «в» сынып оқушылары сынып жетекшілері Юджел Улуг пен  Ш.Аширбековамен  Президент күні қарсаңында Тұңғыш Президент мұражайына саяхатқа  барды. Мұражайда оқушылар Елбасының ерен еңбектерімен  танысты. Саяхатқа 25 оқушы барды. Саяхаттан соң оқушылар мұражайдан алған әсерлерін мақтанышпен  жеткізе білді.

        • «СATS» college профессоры Mark Anthony –мен кездесу
          • «СATS» college профессоры Mark Anthony –мен кездесу

          • 25.11.2015ж.күні лицейде шетел жоғары оқу орындарының менеджері А.Баяхметованың  басшылығымен «GLOBAL STUDET CENTER «орталығы 11-сынып оқушыларына «СATS» college профессоры Mark Anthony –мен кездесу ұйымдастырылды. Профессор 45 минут ішінде оқушыларға лекцияның өтілу барысын таныстырды.  Колледж туралы слайд арқылы мағлұматттар берілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын алып, профессормен ескерткішке суретке түсті. Кездесуге 57 оқушы қатысты.

          • Aшық есік күні

          • 25.11.2015ж.күні KIMEP UNIVERSITI 11-сынып оқушыларына ашық есік күнін ұйымдастырды. Келген ұстаздар оқушыларға университетті слайд арқылы таныстырды. Университеттің жетістіктерімен қатар факультеттері жайлы да мағлұматтар берді. Кездесу соңында оқушыларға парақшалар таратылып, оқушылар өздері таңдаған факультеттері жайлы сұрақтардың жауабын алды. Кездесуге 69 оқушы қатысты.

        • Hашақорлықтың алдын алу
          • Hашақорлықтың алдын алу

          • 25.11.2015ж.күні  қалалық №8 емхана дәрігерлері 9-10 сынып оқушыларымен нашақорлық жайлы дәріс оқылды. Дәріс арасында оқушыларға нашақорлықтың алдын алу жөнінде роликтер көрсетілді. Сол ролик жөнінде оқушылармен дәрігер арасында диалог жүргізілді. Оқушылар өздері сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алды.  Дәріс  соңында оқушыларға парақшалар таратылып, басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жайлы ақпараттар берілді.

        • «Имандылық – инабаттылық айнасы!» тақырыбында дөңгелек үстел
          • «Имандылық – инабаттылық айнасы!» тақырыбында дөңгелек үстел

          • 24 қараша күні  лицей психологі Казкенова Г.С. 10 «С» сыныбымен «Имандылық – инабаттылық айнасы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу мақсатында өткізілді. Оқушылар дөңгелек үстелде өз ойларын нақты дәлелдемелерге сүйене отырып жеткізе білді. Әсіресе «Бала тәрбиесі» атты бейнероликті талдағанда оқушылар нақты өмірмен байланыстыра білсе, «Имандылық деген не?» пікірталаста Мұрат Саяттың қорытынды сөзі қатысқан қонақтарға қатты әсер етті. Дөңгелек үстел соңында қонақтар да өз ойларын ортаға салды. Жалпы дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өткізілді.

             

        • "Сауатты жүргінші" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
          • "Сауатты жүргінші" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

          • 21 қараша күні 7 «С» сыныбымен көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру мақсатында "Сауатты жүргінші" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында жолда жүру тәртібі мен ережесіне байланысты оқушылар топқа бөлініп, жол белгілері не үшін керек екенін, көшеде өздерін қалай ұстау керек екенін, әрдайым жол ережелерін сақтау керектігін білді. Тәрбие сағатына лицей инспекторы Ж.К.Ануарбекова қатысып, оқушыларға  кейбір жол белгілерінің мағынасын түсіндірді. Өткізілген тәрбие сағатының нәтижесінде жол ережелері туралы оқушылардың білімдері арта түсті.

          • Aшық есік күні

          • 24.11.2015ж.күні 11-сынып оқушыларына халықаралық IT университеті ашық есік күнін ұйымдастырды.  Мұғалімдер оқушыларға слайд арқылы университеттің жетістіктері жайлы және факультеттеріне тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Кездесу соңында оқушыларға  университет жайлы парақшалар таратылды. Кездесуге 72 оқушы қатысты.

        • 8«С»сыныбының ата-аналарымен «Тәртіптің  ең  тамаша  мектебі-отбасы»тақырыбында  өткен   ашық  тәрбие сағаты
          • 8«С»сыныбының ата-аналарымен «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы»тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаты

          • Тәрбие  сағатының  мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Ата-аналармен  өткізілген  тренингке барлығы  белсене   қатысты.Олар  топқа   бөлініп,   бейнебаян   көріп,  өз   пікірлерін  ортаға     салды.   Топқа  берілген    тапсырмалар:  «Оқушы   міндеті»,   «Ата-ана   міндеті»,   «Бала  тәрбиесіндегі қиындықтар   мен   жетістіктер» тақырыптарын     ашып,   постерге  өз  ойларын   жазып,  тақта   алдына   шығып  қорғады. Рефлексия кезеңінде    ата-аналарға   «Бәрі өз  қолыңда»видеосы  көрсетілді. Ата-аналар  кері байланыста   осындай  іс-шаралардың  жиі болуы  жақсы үрдіс  деген   пікір   білдіріпті.  Іс-шара   жоғарғы деңгейде   өткізілді.

        • Mәнерлеп оқу сайысы
          • Mәнерлеп оқу сайысы

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатында қарашаның 20 күні Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай дара қазақта» апталығы аясында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 7-8 сыныптардың 17 оқушысы қатысты. Ақын Абайдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге баулу мақсатында өтілген шарада оқушылар ақын өлеңдерін, аудармаларын, қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқыды. Нәтижесінде 7 «С» сынып оқушысы Әлжан Рахат І орынды иеленсе,  Құлмырза Дінмұхаммед пен Қожамжар Болат ІІ орынды, 8-сынып оқушылары Тажимуканов Ерсултан, Нұрмұқанов Жандос, Есенгелді Нұрдәулет ІІІ орынды өзара бөлісті.

        • Жолда жүру ережесін білесің бе?
          • Жолда жүру ережесін білесің бе?

          •    20.11.2015ж.күні 7-сынып оқушыларына Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторының аға лейтенанты Ж.К. Ануарбекова мен полиций капитаны Э.Ж. Битенбаева «Жолда жүру ережесін білесің бе? « атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар келген қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып жауап алды. Дәріске 84 оқушы қатысты.

        • Aшық есік күні
          • Aшық есік күні

          • 20.11.2015ж. күні 10-11 сынып оқушыларына Еуразия Ұлттық Университетінің ұстаздарымен ашық есік күні ұйымдастырды. Оқушылар университет ұстаздарына өздерінің таңдаған факультеттері жайлы сұрақтар қойды. Университетке деген оқушылардың қызығушылықтары артты. Кездесуге 80 оқушы қатысты. Соңында оқушыларға ақпараттар таратылды.

          • Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналған «Әнді сүйсең менше сүй» музыкалық іс-шара

          • Абай әндерін  дайындап келген оқушылар   дәлізде   оқушылармен ұстаздар  қауымына өз  өнерлерін  паш  етті. Шараның басты   мақсаты:Оқушылардың бойына Абай  өлеңдерімен әндері  арқылы   сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.Іс-шара  барысында Абайдың «Көзімнің   қарасы»,»Желсіз түнде жарық ай», «Сегізаяқ»,»Айттым сәлем қаламқас»  әндері  орындалды. Қатысқан   оқушылар  мен   ұстаздар көрермендердің  қошеметіне  бөленді.  Абайдай дана ақынымыздың әндерін  орындап,  өлеңдерін жаттап   өскен   өскелең ұрпақ  бойында    отансүйгіштік қасиеті артып,  жақсы мен  жаман қасиеттерді   айыра  білуге үйренеді .

             

          • «Абай-дара, Абай –дана қазақта» тақырыбы бойынша   апталық

          • Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 170  жылдығына орай  16.11-23.11.2015ж 

            аралығында  өтілетін «Абай-дара, Абай –дана қазақта» тақырыбы бойынша  

            апталық басталды. Апталықтың алғашқы күнінде ақынға арналған «Абай-

            ұлы суреткер»атты оқушылардың салған суреттерінен жарыс 

            ұйымдастырылды. Ал 17.11.2015ж күні Р.А. Сихимбековтің 

            ұйымдастыруымен «Кім көп біледі?» интеллектуалдық ойын 7-9 сыныптар 

            арасында ұйымдастырылды. Ойын 70 оқушы қатысты. Ақын туралы көп 

            білген оқушыларға тәттілер үлестірілді.

        • Aшық есік күні
          • Aшық есік күні

          •   17.11.2015ж. күні 10-11 сынып оқушыларына Сулеймен Демирел университетінің  ұстаздары  ашық есік күнін ұйымдастырды. Университет оқу үдерісін халықаралық  үлгідегі бағдарламаға сай жүргізілетін оқу орны екенін оқушыларға слайд арқылы түсіндірді. Аталмыш университеттің түлектері елімізді гүлдендіруге атсалысып жатқандарын да түсіндірді. Оқушылардың қызығушылықтары артып ,өздеріне ұнаған факультет жайлы көптеген мағлұматтар ала білді.

        • Кездесу
          • Кездесу

          •     14.11.2015ж күні 9 –сынып оқушыларымен  Қазақстан Республикасының Ата заңына 20 жыл толуына орай қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты Қайырбек  Шошанович Сулейменов  қонақ-лектор ретінде кездесті. Кездесудің мақсаты ҚР-ның құқық саласы туралы , заңның адам өмірінде алатын орны жайында мағлұмат бере  отырып, болашақта заң саласындағы мамандықты таңдауына оқушыларға бағыт-бағдар беру болды.

                 Кездесуде оқушылар өздері толғандырған сұрақтардың жауабын алды. Оқушылар мен кездесу қонағы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, болашақта мамандық таңдау үшін сол мамандықтың қыр-сырын білу керектігіне көздерін жеткізді.

               Кездесуге 93 оқушы қатысты және қызықты өтті, қорытындысында ескерткішке суретке түсті.

        • Көрме
          • Көрме

          •   13.11.2015ж. күні Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде оқушыларға  С.Сейфуллин мұражайының қызметкерлері ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған мұражай жәдігерлерінен дайындалған жылжымалы  көрме  өткізді. Көрмеде видео, слайдтар көрсетілді. Көрме оқушылардың қызығушылығын арттырғаны сонша  С.Сейфуллин туралы ғылыми жобалар жасауларына ықпалын тигізгендерін айта отырып, мұражай қызметкерлерімен жұмыс жасауларына дайын екендігін айтып қорытындылады.

          • Mектепаралық желілік қоғамдастықпен бірлескен коучинг

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ – түрік лицей-интернатында  Кембридж    бағдарламасымен  оқып келген ұстаздардың ұйымдастыруымен мектепаралық желілік қоғамдастықпен бірлескен коучинг өткізілді. Коучингке қыздар лицейінің мұғалімдері  қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқыту жүйе бір болғандықтан қыздар, "Нұрорда"лицейлері ішкі проблемаларды, оқыту мен оқудағы проблемаларды келешекте бірге шешу үшін осындай мүдделі кездесулерді өткізген дұрыс деген шешім қабылданды.  Бұл жолы қыздар лицейінің ІІ деңгейлік курсты оқып жатқан мұғалімі жүргізді.Қыздар лицейінің де басымды сұрақтары Диалогтік оқыту технологиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Коучинг аса қызықты, мазмұнды өтті. Бұл коучингке лицей желілік қоғамдастығында жоқ мұғалімдер де қатысты.Өйткені әр кездесуден аларымыз да, береріміз де мол және қатысқан мұғалімнің түсінігі молая береді, қызығушылығы артады, үйренеді, сезінеді, қолданады. Бұл идея мұғалімдерді бірте-бірте қоғамдастыққа тартып, үйрету арқылы әдістемік көмек көрсетіледі.  Коучингтен алған  әсерлерімен  кері байланыс арқылы  өз  пікірлерімен бөлісті. «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»  деп  Сенека    айтпақшы  желілік қоғамдастық  жұмысы   жандана  берсін  деген тілек айтпақпыз!

          • Үздік авторлық бағдарлама

          • 14-16 қазан    аралығында  Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама»   республикалық конкурсына біздің лицейден  қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімдері  Мажибиева Бағила Жалғасқызы мен  Естемесова  Сәнім  Барлықбайқызы қатысып, ІІ орынды  иеленді.  «Әдебиет  беттері» деп  аталатын  авторлық бағдарламаның  мақсаты:Әлем кеңістігіндегі қажеттілікке сай пәнді терең түсіну қабілеті дамыған, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алуға икемді жеке тұлға қалыптастыру  болып  табылады. Бұл курста әр оқушы өзі таңдаған тақырыбы бойынша ізденіп, түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жасауына болады.Әр туындыны талдап, зерттеп оқыту мақсатында онлайн жүйесінде мәтін ерекшеліктеріне сай шығармашылық тапсырмалар әзірленді.

            Бағдарлама оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де пайдалы екендігі дәлелденді.Оқушылар өз беттерімен  талдау жасап, әртүрлі шығармашылық тапсырмалар орындауда АКТ-ны қолдануды меңгерсе, ал ұстаздардың уақытты тиімді пайдаланып, шығармашылық ізденісіне кең жол ашылады. «Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын  болады»деп Д.И.Менделеев  айтқандай   ұстаздарымызға шығармашылық табыс  тілейміз!