• М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі жайлы оқырмандар конференциясы
          • М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі жайлы оқырмандар конференциясы

          • 31.10.2015ж. күні лицей кітапханасында 8 «а» сынып оқушыларымен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі жайлы оқырмандар конференциясы Оқушыларға жазушы әңгімесінің маңызын , көркемдік идеясын ашу арқылы, табиғатты аялауға,оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге, жануарлар әлемі мен адамдар ісінің қайшылығын ажыратуға үйрету. Зерттеу, салыстыру барысында өз тұжырымын басқалармен салыстыруда  ой – толғау, іскерлік дағдысын қалыптастыру,өз ойын еркін айту арқылы таным мүмкіндігін таныту және  қоршаған ортаны құрметтеуге және оның заңдылығының бұзылуына жол бермеу, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 8 «а» сынып оқушылар арасында кітапханада кітапхана меңгерушісі М. А. Нұрбекованың ұйымдастыруымен  Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне оқырмандар конференциясы болып өтті.               Cұрақтар аясында оқушылар арасында әңгімеге талдау жүргізілді. Шара барысында «Көксерек» фильмін тамашалап, барлық оқушылар өз ойларын ортаға салып бірауыздан қатысты. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетілді. «Мұхтар мұрасы-мұхиттай мол дүние» атты кітап көрмесіне шолу жүргізіліп, 22 бала қатысып, 10 оқырман    жазылды. Шара соңында оқушыларға жазушының кітабы сыйға берілді.

        • «Аймақ аламандары» тақырыбында тәрбие сағаты
          • «Аймақ аламандары» тақырыбында тәрбие сағаты

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының  7 «С» сыныбында  қазанның 31 күні қазақстандық спортшылардың жеңістерін таныту, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Аймақ аламандары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар топтарға бөлініп, әр аймақтың белгілі спортшыларымен таныс болды. «Қазақстан спортшылары», «Спортпен айналыссаң...», «Спорт түрлері», «Чемпион болу үшін...» тақырыптарында постер қорғап, ойларымен бөлісті.

        • «Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет» атты тақырыпта ерекше  тәрбие сағаты
          • «Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет» атты тақырыпта ерекше  тәрбие сағаты

          • Бүгін 7 «а» сыныппен «Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет» атты тақырыпта ерекше  тәрбие сағаты  болды. Мақсаты балаларды ізгілік пен сыпайылыққа баулу, тәрбиелеу.  Сынып сағатының ерекшелігі қонақ – лектор ретінде ата-ананың қатысуы . Сынып сағаты заманауи талапқа сай жүргізілді. Оқушылар белсене араласып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алды. Осы тәрбие сағатынан оқушылар өздеріне қазақи тәрбиелік құндылықтың бірі үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізеттілікті үйренді.

        • Мәңгілік ел «Қаланы көркемдеу» орталығына саяхат
          • Мәңгілік ел «Қаланы көркемдеу» орталығына саяхат

          • Осы оқу жылының 30 қазан күні 9 а сынып оқушыларына Мәңгілік ел «Қаланы көркемдеу» орталығына саяхат ұйымдыстырылды.

            Мақсаты: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету және мәдени-эстетикалық тәрбие беру болды.

            Сынып оқушылары сыныпта  «Менің арманымдағы үйім» тақырыбында сурет салып, ой-пікірлерімен бөлісті. Соңынан ата-ана Бақытжан Алмат ағайдың бастамасымен орталыққа саяхат жасалды. Оқушылар ол жерде әртүрлі  цехтарда атқарылатын жұмыс түрлерімен ( оюды қию, салу, бояу, құрастыру және т.б) танысып көрді. Соңынан суретке түсіп, шай ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен әсермен лицейге оралды. Сынып жетекшілер мен оқушылар осы шараны ұйымдастыруға қатысқан ата-аналар комитетіне, жекелеген ата-аналарға алғыс білдірді.  

        • ЖАҢА МАЗМҰНДЫ САБАҚТАР
          • ЖАҢА МАЗМҰНДЫ САБАҚТАР

          • Біздің лицейде деңгейлік курстардан өткен 8 мұғалім бар. Апта сайын оқытудың жаңа мазмұнына арналған коучингтер  өтіп тұрады. Коучингтерде жаңаша әдіс-тәсілдер талқыланады, шешім қабылданады. Және оған  деңгейлік курстан өтпеген және жас мамандардың қатыстырылуы маңызды. Жыл басынан бері топтық жұмыста бірнеше мұғалімдер критериалды бағалау мен диалогтік оқытудың ашық сұрақ қою тәсілін қолданып жүр. Бұл тәсілдерді ағылшын пәні мұғалімі Байсенгиров Есентай, жас маман Каргашев Расул белсенді қолдануда. ІІ деңгейлі география мұғалімі Жатақбаева Гүлқайын сабақтарындағы өзгерістерді оқушылары қызыға айтады.

        • Жасөспірімдердің міндеті мен құқығы
          • Жасөспірімдердің міндеті мен құқығы

          • 28.10.2015ж. күні  8 «а», «б» , «с» сынып оқушылары бойынша Алматы аудандық  ІІ Департаментінің  учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Ж.К. Ануарбекова «Жасөспірімдердің міндеті мен құқығы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен соң оқушылар  қоғамдық орындарда өздерінің міндеттері мен құқықтары туралы   сұрақтар қойды. Дәріске  үш сынып бойынша 90 оқушы қатысты.

        • Кездесу
          • Кездесу

          • 28 қазанда 11 сынып оқушылары Назарбаев Университетінің менеджерлерімен кездесті. Кездесуде оқушылар өздеріне көптеген мәліметтер алды. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын алып, сол университетке түсу құжаттары туралы мәліметтерге қанықты.Кездесуге 50 оқушы қатысты.

        • «Capital Education»халықаралық білім жүйесі компаниясының менеджерлерімен  кездесу
          • «Capital Education»халықаралық білім жүйесі компаниясының менеджерлерімен кездесу

          •   26 қазанда  11 сынып оқушыларына «Capital Education»халықаралық білім жүйесі компаниясының менеджерлерімен  кездесті.   Кездесуде оқушылар өздеріне көптеген мәліметтер алды. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын алып, сол университеттер  туралы мәліметтерге қанықты.Кездесуге 60 оқушы қатысты.

        • «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында  кездесу
          • «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында кездесу

          • 22.10.2015ж.күні лицейдің 9 сынып оқушыларымен Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемамарын зерттеу орталығының маманы Г.К. Мырзакулова, «Нұр Астана»мешітінің наиб имамы Серікбай Әділхан және ЕҰУ «Психология» кафедрасының аға оқытушысы  А.С.Нұрадинов  «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында  кездесті. Кездесуде бейнетаспалар көрсетіліп тақырыпты жан-жақты талқылады.  Кездесу соңында оқушылар сұрақтарға жауап алды. Кездесу  оқушылар үшін маңызды болды.

        • Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
          • Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

          • 21.10.2015ж. күні 9 «а» сынып оқушыларына Алматы аудандық ІІ Департаментінің  учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант  Ж.К. Ануарбекова «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен соң оқушылар  жасөспірімдер туралы құқық бұзушылыққа байланысты  сұрақтар қойды. Дәріске 32 оқушы қатысты.

        • Білім көрмесі
          • Білім көрмесі

          • 16 қарашада  10-11 сынып оқушыларына  арналған Білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтілген «Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair – BARCEF 2015» білім көрмесіне лицейден 32 оқушы барды. Білім көрмесінен оқушылар өздеріне көптеген мәліметтер алды. Өздерін толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын алып, сол университеттер  туралы мәліметтерге қанықты.

        • «Сыр сандықты ашып қара» тақырыбында байқау
          • «Сыр сандықты ашып қара» тақырыбында байқау

          • Қазан  айының 13-15.01.2015ж күндері аралығында С.Сейфуллин мұражайында С.Сейфуллин шығармаларын  насихаттау мақсатында қалалық  «Сыр сандықты ашып қара» тақырыбында байқау өткізілді. Байқауға қала мектептерінен 40 оқушы сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сол байқауға лицейдің 7 «б» сынып оқушысы Жексенбай Дінмұхаммед өз өнерін сынға салып,  алғыс хатқа ие болды.

        • Кәсіптік бағдар бойынша және оқушының құқығы мен міндеті жайлы сұхбат
          • Кәсіптік бағдар бойынша және оқушының құқығы мен міндеті жайлы сұхбат

          • 16.10.2015ж күні  Астана қаласы Алматы аудандық Ішкі Істер Департаментінің аға инспекторы Ж.К. Ануарбекова мен майор С.М. Бекмухамедова  9 «б»сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша және оқушының құқығы мен міндеті жайлы дәріс-сұхбат жүргізді. Бейнероликтен полиция қызметкерлерінің жұмыс барысын  таныстырды. Оқушылардың құқықтары сақталумен қатар міндеттерін де баса көрсетті. Қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерден оқушының өзін-өзі ұстауы жайлы әңгіме өткізілді. Дәріс-сұхбатқа 30 оқушы қатысты.

        • Ұлттық мұражайға саяхат
          • Ұлттық мұражайға саяхат

          •       Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына байланысты лицейдің 7 б-сынып оқушылары қаламыздағы жаңадан ашылған ұлттық мұражайға саяхатқа барып келді, мақсаты оқушыларға жаңадан ашылған мұражайды көрсете отырып, ұлттық құндылықтарды өн бойларына сіңіру. Мұражайға саяхат барысында оқушылар көптеген ескі және жаңа жәдігерлермен таныса отырып, ұлттық танымдылықты игере білді.

        • Ұстаздар күні
          • Ұстаздар күні

          • Қазан айының алғашқы демалысы ұстаздардың төл мерекесіне орай лицейішілік президенттік сайлау өтті. Сайлау негізінде 11 «б» сынып оқушысы Бозщин Әлібек лицейдің ұланбасылықты жеңіп алды. Іс-шараны 11-сынып оқушылары ұйымдастырды. Бұл күні жоғарғы сынып оқушылары ұстаздық рөл атқарып төменгі сынып оқушыларына сабақтар өткізді. Ал ұстаздарға арнайы қызықты мерекелік сабақтар ұйымдастырылып, соңы концертке жалғасты. 

        • Қарттар күні
          • Қарттар күні

          • 1 қазан-Қарттар күніне орай  Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ- түрік лицей -интернатының ұстаздары мен оқушылары «Қарттарым- асыл қазынам» атты  акция негізінде  15 қарияның үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Бұл іс -шараның мақсаты оқушыларға қариялардың қоғамдағы алар орнын,салт -дәстүрімізді бойына сіңіртіп,нәр алып өсуіне, оларды әрқашан сыйлап, құрметтеуге баулу, имандылық пен мейірімділікке  тәрбиелеу болатын. Іс шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар қарияларымызбен әңгімелесіп, өмірлері мен еңбек жолдары туралы сұрақтар қойып,әр оқушы өздеріне үлгі -өнеге алып қайтты.

        • Білім көрмесі
          • Білім көрмесі

          • Лицейдің 10-11 сынып оқушылары «Redisson» қонақ үйінде ұйымдастырылған «Study Inn» білім беретін консалдинг «Қазақстан- шетелдік білім» атты білім көрмесіне барды. Көрмеден оқушылар өздеріне керекті малғұматтар мен қажетті ақпараттарды ала отырып, университет жайлы мәлімет алды.

        • «Болашақ жастары» атты республикалық акция аясында кездесу
          • «Болашақ жастары» атты республикалық акция аясында кездесу

          • Астана қаласының Білім басқармасының ұйғаруымен «Қазақстан Жастарының Конгресі» ұйымының мүшелері лицейдің 9-10 сынып оқушыларымен  «Болашақ жастары» атты республикалық акция аясында кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуде кәзіргі жастардың бәсекеге қалай қабілетті болудың қыр-сырларын оқушыларға түсіндіріп , ой салып жігерлендірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып  белсене қатыса отырып , болашақтағы өздерін толғандыратын ойларымен сыр бөлісті.

        • Кездесу
          • Кездесу

          • 25 қыркүйек күні, сағат 14:30-да лицейде Global Student Center – дің ұйымдастыруымен 10-11 сыныптарға  арналған  ЖОО-на шақыру кездесуі өтті. Бұл кездесуде шетелдік университеттер атап айтқанда, Швецарияның Les Rosches және Glion университеттері қатысты. Кездесу барысында университет өкілдері үгіт-насихат жүргізе отырып, болашақта сол оқу орнына түсуге шақырды. Сонымен қатар оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауап алды.

          • «Тіл-ұлттың тірегі» атты ҚР халықтарының Тілдер мерекесі бойынша «Қазақ тілі күнінің» өтілуі жөнінде анықтама

          • 2015-2016 оқу жылында аталмыш мереке қыркүйек айының 21-нен бастау алды. Дәстүр бойынша бірінші күні салтанатты жиын болып өтті. Жиында оқушыларға  Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, жоспарланған іс-шаралармен таныстырылды және белсене атсалысуға шақырдық. Биылғы жылдың аталмыш мерекесі былайша ерекшеленді: 21-22 күндері «Қазақ тілі күні» деп аталып, бұл күндері іс-шараларға тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  жауап берді. Үлкен қоңырауларда дәлізде түрлі сайыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Тіл барда айтылар сыр ойдағы» деген атпен қазақ тілі мұғалімі С.Естемесованың жетекшілігімен берілген сөздермен мақал-мәтелдер құрастырып, мәнін түсіндіріп берулері тиіс болды. 7,8,9-сыныптардың оқушылары қызыға қатысты. Сондай-ақ, қазақ тілі мұғалімі Ж.Қ.Сералинаның ұйымдастыруымен «Тіл – асыл қазына» атты нысанадағы шарға ату арқылы тигізіп, ішіндегі сұрақтарға жауап беру керек деген шарт қойылды. Бұл шараға әсіресе, 7,8-сыныптар белсене қатысты. Көптеген оқушылар шар ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы «Тіл білгірлері деген атқа ие бола білді. Сонымен қатар, қазақ тілі мұғалімі С.А.Ахаеваның жетекшілігімен «Мемлекеттік тіл – ортақ қазына» тақырыбында суреттер салу сайысы өткізілді. Бұл шараға 7,8-сыныптар тартылды. Оқушылардың аса қызығушылықпен қатысқандары соншалықты әп-сәтте берілген тақырыптарға көзтартарлық суреттер салып, мәнін түсіндіріп бере алды. Бұл шаралардың барлығы да мектеп дәлізінде қоңырау кездерінде көпшілікке арналды. Ал сабақ ішінде қазақ тілі мұғалімі Б.Ж.Мажибиева 10,11-сыныптарға «Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры» тақырыбында ойтолғау жаздыртты. 7-сыныптарға сабақ беруші қазақ тілі мұғалімдері «Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» деген ұранмен поэзия сабақтарын өткізді. Белсендік танытқан оқушылар жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды. Осылайша «Қазақ тілі күні» қызықты болып өте шықты, эстафетаны ағылшын тілі мұғалімдеріне тапсырдық.