• Театр
          • Театр

          • Осы оқу жылының 28 қаңтар  күні 9 а сынып оқушыларына Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрына бару  ұйымдыстырылды.                                                                                  Мақсаты: Оқушыларды театр қойылымдарына апару арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, мәдени орындарға бару белсенділігін қалыптастыру және  мәдени-эстетикалық тәрбие беру болды. Сынып оқушылары сынып жетекшілермен, ата-аналар және тәрбиешімен бірге театрға «Жұт» қойылым тамашалауға барды. Қойылым трагедия жанрында. Онда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Тарихтағы ашаршылық кезеңі, оның туындауы және өтуі туралы көрсетіледі. Соңынан оқушылар, ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар үлкен әсермен лицейге оралды. Бұл іс-шараға 13 оқушы, 3 ата-ана мен мұғалімдер Ферхат Ялын, Жатакбаева Гүлғайын Ұмытханқызы және тәрбиеші Теміров Адлет қатысып қайтты. Сынып жетекшілер, ата-аналар мен оқушылар осы шараны ұйымдастырған лицей әкімшілігіне, мұғалімдерге  алғыс білдірді.

        • «Нашақорлық» ,«Маскүнемдік » және «Темекіқұмарлық» туралы дәріс
          • «Нашақорлық» ,«Маскүнемдік » және «Темекіқұмарлық» туралы дәріс

          • 29.01.2016ж күні 10-сынып оқушыларына  қалалық әлеуметтік-реабилитациялық орталықтан нарколог дәрігер Т.Т. Койшибеков «Нашақорлық» ,«Маскүнемдік » және «Темекіқұмарлық» туралы дәріс оқыды. Слайд арқылы оқылған дәріс оқушыларға ұнады. Бейнероликтен соң оқушылар арасында  «Темекінің зияны»атты тақырыпта пікірталас туындады.  Дәріске 40 оқушы қатысты.

        • Медали для умников / http://vechastana.kz/
          • Медали для умников / http://vechastana.kz/

          • Две столичные школы - для одаренных детей «Зерде» и казахско-турецкий лицей для юношей - завоевали на Международной Жаутыковской олимпиаде в Алматы шесть медалей, одна из них золотая

            Престижная олимпиада по математике и информатике носит имя известного казахстанского математика Орымбека Жаутыкова и по сложности заданий не уступает иным международным форумам. В этот раз в республиканскую физматшколу съехалось рекордное количество участников  -  413 школьников, представляющих 63 команды из 17 стран мира. Казахстанская сборная умников и умниц завоевала в общем зачете 48 медалей из 191. Академик НАН РК Аскар Джумадильдаев, сам некогда начинавший путь в большую науку со школьных олимпиад, особо отметил столичные команды «Зерде» и казахско-турецкого лицея. «Золото» по информатике в копилку сборной принес ученик 10 класса КТЛ Астаны Санжар Бидайбек. Серебряная медаль - у Низамедина Шайхитдина и Темирлана Амангельдина (который, к слову, недавно завоевал «золото» на математической олимпиаде в Китае). У Санжара Елеуова, Бакдаурена Нарбаева и Мейрама Серикболсына - «бронза». По итогам Жаутыковской олимпиады определяется лучшая команда специализированных школ. Гран-при этого года достался москвичам. Нашим ребятам есть к чему стремиться, тем более что опыт победы у них уже есть: на Евразийской олимпиаде по информатике в ноябре прошлого года Санжар Бидайбек и Низамедин Шайхитдин взяли «золото» в командном зачете.

            Источник: http://vechastana.kz/novosti/1003306-medali-dlya-umnikov-/?sphrase_id=553047 Вечерняя Астана © wwww.vechastana.kz

        • Дарындыға даңғыл жол
          • Дарындыға даңғыл жол

          • Қаңтардың 15-17 күндері Алматы қаласында информатика, физика, математика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық болғандықтан Корея, Ресей, Индонезия, Армения, Грузия, Өзбекстан, Белорусия, Түркіменстан, Азербайжан, Украина, Румыния, Кипр, Монғолия мемлекеттерінен оқушылар келіп, білімдерін шыңдап қайтты. Осындай орасан зор мемлекеттермен бірге бағын сынаған біздің Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының оқушылары да білім шыңынан көріне білді. Атап айтсақ,10-11 сынып оқушылары Бидайбек Санжар алтын медаль, Незаметдинов Шайхитдин, Амангелдин Темирлан, Елеуов Санжар  күміс медаль, Қыранбай Мұратжан, Какенов Тоқмырза қола медаль алып қайтты. Баптаған ұстаздар информатика пәнінен Исмаил Гесен, математика пәнінен Муаммер Гүл болатын. Ұстаздарымыздың жемісті жеңістері құтты болсын! Еңбектеріне жеміс тілейміз!

        • «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты күйтартыс
          • «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты күйтартыс

          • 20.01.2016ж.күні  «Тіл мен әдебиет-білім мен тәрбие бастауы»атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндік апталығының жоспары бойынша  «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты күйтартыс 8-11 сынып арасында өткізілді. Күйтартыстың мақсаты қазақтың күйлерін оқушыларға дәріптеу болды. Әр сыныптан бір-бір оқушы оқушы күйтартысқа  қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде   11»б» сынып оқушысы Пазылбеков Мадияр І орынға ие болса, ІІ орын  11 «с» сынып оқушысы Садубаев Айратқа бұйырды. Ал ІІІ орынға 9 «с» сынып оқушысы Айтбеков Даурен мен 7 «с» сынып оқушысы Аманжол Әлтай иеленді. Күйтартысқа 8 оқушы қатысты.

        • Жаңа идеялар генераторы
          • Жаңа идеялар генераторы

          •  

            Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байсенгиров Есентай «Диалогтік оқытуды сабақ үрдісіне енгізу жолдары» тақырыбында лицей ұстаздарына коучинг өткізді. Коучингке лицей директоры Нүркен Жаңбырбайұлы да белсене қатысты. Есентай Лестайұлы ұйымдастыру кезеңінде мұғалімдерге түрлі тренингтер өткізіп, көңіл-күйлерін көтеріп, атмосфералық ахуал орнатты. Тақырыптың маңыздылығын айқындау үшін бейнебаян көрсетіп, ой шақырды. Мұғалімдерге видеодан алған әсерлерімен бөлісуді сұрады. Түрлі ой-пікірлерін білдірген ұстаздар конфеттің түсіне қарай топтарға бөлініп, мәтін бойынша постерге өздерінің қорытынды ойларын жазып, ортаға шығып қорғады.

            Мұғалімдер Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің оқыту жүйесіндегі ерекшеліктерін Қазақстанның білім беру жүйесімен салыстыра отыра зерттеушілік жұмыстар жүргізілді. Шетелдік оқыту жүйесінде оқушының алған білімін өмір сүруге бағыттау басты рөл атқарады. Сондықтан оқушының алдына мақсат қоя отырып оқыту жүйеге қойылған.

            Оқушыларды мектептің алғашқы күндерінен бастап, қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді жоспар құруға дағдыланғандырады. Мысалы Финляндияда осы мақсаттарды диалогтік оқыту арқылы жүзеге асырады. Одан кейін мұғалімдер «Дерзкие вызовы ХХІ века» деген мақаланы талқылап, біздің лицейде де оқыту жүйесіне диалогтік оқытуды енгізу керек деген пікірді бірауыздан қолдады. Жаһандану заманында жаңа буынға жаңаша білім керек екеніндігі туралы пікірлер айтылды. Қорыта келе қазақстандық оқыту жүйесіне реформа аса қажет деген пікірге толық қосылатынындарын айтты.

            Коучинг аса жоғары ұйымдастырушылықпен өтті. Коучинг барысында біраз мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттері байқалды.

        • «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
          • «Құқық бұзушылықтың алдын алу»

          • 15.01.2016ж  күні Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбы бойынша Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция  инспекторының  аға лейтенанты Ж.К. Ануарбекова 9 «б» сынып оқушыларына дәріс оқыды. Дәріске 33 оқушы қатысып, өз сұрақтарын қойды.

          • Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған қазақ-түрік лицейлерінің   жасөспірімдер командалары арасында республикалық  футболдан турнир

          • Қаңтардың 8-9  күндері «НұрОрда» қазақ-түрік лицейінде  «КАТЕV» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған қазақ-түрік лицейлерінің   жасөспірімдер командалары арасында республикалық  футболдан турнир өткізілді. Турнирге 8-сынып оқушылары қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына  Қазақстан құрама командасының белгілі қақпашысы Давид Лорея қонақ ретінде келіп, жас футболшыларға өзінің ізгі ниетін білдірді. Турнирдің негізгі мақсаты жас ұрпақ бойына Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын айту арқылы оқушыларға еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру және жастар арасында футбол спортын дамыту  болды. Биылғы додаға 2002-2003 жыл аралығындағы қазақ-түрік лицей оқушыларынан құралған 727 оқушының ішінен 250-і   іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған 25 команда қатысып, өзара сайысқа түсті. Екі күнге созылған сайыстың нәтижесінде  «жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар «болып суырылып  алға шығып, жеңісті өзара бөлісті. ІІІ орын Екібастұз қаласының жас футболшыларына бұйырса, ІІ орын Қарағанды футболшыларына, ал І орын елордалық футболшылар, яғни дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының жас жеткіншектеріне бұйырды. Жүйелі жүргізілген жұмыстың жемісі  осы турнирде көрінді. Оқушылардың бапкері Мунайтбасов Алихан  да өренді жастардың жемісіне дән риза болды.Бұл жеңіс жеткіншектерге өте жақсы мұрындық болып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын одан әрі оятты.

        • «Ұлы дала елінің тарихи мұрағаттар қойнауында» атты көрмеге саяхат
          • «Ұлы дала елінің тарихи мұрағаттар қойнауында» атты көрмеге саяхат

          • 25.12.2015ж. күні 9- сынып оқушылары   Астана қалалық мұрағатының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Ұлы дала елінің тарихи мұрағаттар қойнауында» атты көрмеге саяхатқа барды. Мұрағаттан оқушылар Әбілқайыр ханның тұсынан бастап осы күнге дейінгі құжаттармен танысты. Құнды құжаттардың болашақ үшін маңызы зор екенін оқушылар түсіне отырып,тарих қойнауынан өзіне рухани байлық ала білді.Саяхатқа 45 оқушы барды.

        • Кездесу 
          • Кездесу 

          • 18.12.2015жылы  Астана қаласы  дарынды ер  балаларға   арналған   қазақ-түрік   лицей –интернатының  оқушыларымен  ЕҰУ филология  ғылымдарының  докторы, профессор, «Құрмет» орденінің   иегері Дихан  Қамзабекұлымен   кездесу  өткізілді. Кездесудің  тақырыбы  елбасының биылғы Жолдауы ''Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму''. Мақсаты: оқушылар  жаңа жолдау, отанымыздың саяси-экономикалық жағдайы туралы мағлұмат алады, ой түйеді. Кездесуде  көптеген   мәліметтер   айтылды. Оқушылар   сұрақтар   қойып, көкейінде   жүрген   өз   ой-пікірлерімен   бөлісті. Кездесуге 90 оқушы қатысты.

        • «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!»  атты сазды бағдарлама
          • «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!»  атты сазды бағдарлама

          • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде 15.12.2015ж. күні «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты апталықтың жабылу салтанатына арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!»  атты сазды бағдарлама өткізілді. Оған лицей оқушыларының барлығы дерлік жұмылдырылды. «Өзін-өзі басқару «ұйымының  ұйымдастыруымен өткізілген бағдарлама өз дәрежесінде өткізілді. Апталықтың нәтижесі ретінде оқушылар марапатталды. Оқушылар  патриоттық өлеңдермен сусындалып , еліне деген мақтанышпен бағдарламаны аяқтады.

        • ҚР ҚК әскери дәстүрлері атты  әскери-патриоттық сайыс
          • ҚР ҚК әскери дәстүрлері атты  әскери-патриоттық сайыс

          • Астана  қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 10-сынып оқушылары арасында ҚР ҚК әскери дәстүрлері атты  әскери-патриоттық сайыс өткізілді.  Сайыста оқушылар әр түрлі әскери жаттығулар арқылы өздерінің өнерлерін көрсетті. Сайысқа қатыса отырып оқушылар іскери тапсырмалардың жауапты іс екендеріне көздерін жеткізді. Сайыс өз дәрежесінде өткізілді. Саптүзеуден бастап, автоматты жинауға дейінгі сайыста оқушылар өздерінің ептіліктерімен жақсы көзге түсті. Сайысқа 21 оқушы  қатысса, қалғаны жанкүйер болды.

        • «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» және «Жолда жүру ережесі» тақырыбында дәріс
          • «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» және «Жолда жүру ережесі» тақырыбында дәріс

          • 15.12.2015 ж. күні 8-сынып оқушыларымен  Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторының полиция  аға лейтенанты  Ануарбекова Жанар Калиевна  «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері» және «Жолда жүру ережесі» тақырыбында дәріс оқыды. Оқушыларға қысқы күндері жол ережесін  жақсы сақтау керек екенін, қала көліктерінде өздерін дұрыс ұстау керектігі айтылды және түнгі  сағат 10:30-дан кейін сыртқа шыққан жағдайда қасында ата-анасының болу керектігі  баса айтылды. Дәріс соңында оқушылар сұрақтар қойды. Дәріске 60 оқушы қатысты.

          • Құттықтаймыз!!!

          • Астана қаласы дарынды  ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 9 «б» сынып оқушысы Колесниченко Арсений Валерьевич  қазақстан халқы Ассемблеясы  Ассамблея жылы аясында өткізген «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының  2015 жылғы атаулы мерейтойларға арналған мемлекеттік тілдегі  «Кемеңгер» шығармашылық байқауына қатысып алғыс хатқа ие болды.Арсенийге әрқашан  шығармашылық табыс тілейміз.

        • Волейбол жарысы
          • Волейбол жарысы

          • 12 желтоқсанда «КАТЕВ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  республикалық солтүстік өңірдегі оқу орындарының ата-аналары арасында волейбол жарысы  өткізілді. Волейбол жарысына 12 команда қатысты. Сол  12 команданың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының ата-аналарынан құрылған командасы  бас жүлдеге ие болды.Бұл команда өткен жылы да бас жүлдеге ие болған еді. Міне,  аталмыш жылы да бас жүлдеге ие болып отыр, яғни бұл жұмыстың жүйелі дайындығының жемісі .

        • «Тәуелсіздік-ел тірегі»атты мәнерлеп оқу сайысы
          • «Тәуелсіздік-ел тірегі»атты мәнерлеп оқу сайысы

          • 11 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай 9-10 сынып  оқушыларының  арасында тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, тәрбиелеу, мәнерлеп оқуға баулу мақсатында «Тәуелсіздік-ел тірегі»атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Нәтижесінде бас жүлдені 9 «а» сынып оқушысы Құранбек Мәди, І орынды Тұрарбек Батырбек, ІІ орынды Ұзақжан Санжар мен Сүлейменов Әмір иеленсе, ІІІ орынды Арыстан Әмір мен Серікбай Ақниет өзара бөлісті.

        • Тәуелсіздік сарайына  саяхат
          • Тәуелсіздік сарайына  саяхат

          • 12.12.2015 жылы Астана  қаласы  дарынды ер  балаларға арналған  қазақ-түрік   лицей-интернатының 8-сынып   оқушылары Тәуелсіздік сарайына  саяхаттап  қайтты. Тәуелсіздік  сарайының  құрылысымен, конференция залдарымен, ұлттық   құндылықтармен, Астана  қаласының  2030 жылғы  макетін  тамашалап,   көп   мағлұмат алып  қайтты.  Саяхатқа 45 оқушы барды. Әр сыныптың оқушылары өздеріне ұнаған бөлімді тамашалады.

        • Командалық олимпиада
          • Командалық олимпиада

          • Алдыңғы   аптада  Астана  қаласы   дарынды   ер   балаларға  арналған   қазақ-түрік   лицей-интернатының   оқушылары  «Он   алтыншы  бүкіл Ресейлік информатика  және  бағдарламалау  бойынша оқушылардың  командалық  олимпиадасына» қатысып,  І дәрежелі  дипломмен   марапатталды.  Командада  Бидайбек  Санжар, Елеуов  Санжар, Незаметдинов Шаихитдин  болды.Оқушыларымыз  әрқашан  жеңіс  тұғырларынан  көріне  берсін!  Ұстаздарымызға  қажымас  қайрат, шығармашылық  табыс   тілейміз!