• News

          • Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты қалалық «Біз бір халықпыз» атты фестиваль
            • Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты қалалық «Біз бір халықпыз» атты фестиваль

            • 8-9 сынып оқушылары  Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына байланысты қалалық «Біз бір халықпыз» атты фестивальге қатысты. Фестивальде оқушылар украина ұлтының мәдениетін көрсетіп , сол ұлттың салт-дәстүрлерін паш етті.  Оқушылар сол ұлттың салт-дәстүрлерін көрсете отырып, өздеріне көп мағлұмат алды және жұртшылыққа өте жақсы жеткізе білді. Фестиваль Ұлттық кітапханада өткізілді.

          • Әкіммен кездесу
            • Әкіммен кездесу

            • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының Халықаралық олимпиада жүлдегерлері Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Әкіммен кездесуге іріктелген 10 оқушы да Халықаралық олимпиададан бірнеше дүркін жүлдегер атанған оқушылар. Олар тек Астананың ғана емес Қазақстанның намысын қорғап, талай елде көк Байрақты желбіретіп жүрген оқушылар. Бұл оқушылардың бойында елжандылық пен намыс оты бар. Келешекте Отанына қызмет етіп, пайда келтірсем, әр алуан  ғылым салаларында жаңалық ашсам деген деген сенім бар. Есімдерін атап, оларға терең білім беріп жатқан мұғалімдері мен ата-аналарына алғыс айтсақ артық болмас: Еркенұлы Әлімжан, Ғабит Асқар, Тотаев Айсұлтан, Қуанышбаев Мақсат, Амангелдин Темірлан, Незаметдинов Шайхиддин,  Сүлейменов Айдарбек, Мұхамбек Айбек, Құрманғалиев Исабек, Ақзам Әлімжан.

               

              Гүлназ Минтаевна Жүнісова

          • Тіл-ұлттық қазынасы
            • Тіл-ұлттық қазынасы

            •  

              Тіл-ұлттық қазынасы

              Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  «Тіл-ұлт қазынасы» атты апталығы (02.02.-07.02.2015ж) аралығында өткізілді. Апта барысында түрлі ұлттық іс-шаралар өткізілді. «Бір мақал-бір бауырсақ» акциясы оқушылардың қызығушылығын арттырды.  

              «Нысана» ойыны шарға дөп тигізіп ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өздерінің күшін сынап көрді.

              Екінші күні спорт залда ұйымдастырылған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты жарыста ойындардың түр-түрі көрсетіліп, оқушылардың өздері де қатысып, белсенділік танытты.   «Грамматика әлеміне саяхат» маршруттық сайысы 4 оқушыдан  құрылған топтар әр бекеттен талдау жұмыстарын алып, орындап уақытқа жарысып мәреге жеткендер жеңімпаз атанды.  

              І-орын 9С сынып, ІІ орын 9 В сынып, ІІІ орын 9А сынып иеленді.

               7-8 сыныптар арасында өткізілген «Ойжүйрік» зияткерлік ойыны оқушылардың ой-өрісін арттырып, білім шыңын бағындыруға көмегін көрсетті.

                 

               

                   Бұл сайыста І орын 7 А-сынып оқушысы, ІІ орын 7С сынып оқушысы Қайратбек Абылай, ІІІ орынды 7 В-сынып оқушысы

              иеленді. Апталық барысында «Сөзжұмбақ» қабырғаға ілініп шешулері жәшікке салынды. Бұл сайыс бойынша белсенді оқушылар мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

              Бейсенбі күні өткізілген «Ата көрген оқу жонар» сайысына әр сыныптан бір ата, бір немереден қатысты. Аталар немерелерімен бірге сайысқа түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Өз өмірлерін үлгі еткен аталарымыз немерелеріне өсиет айтып, баталарын берді.  

              Сайыс жеңімпазы 7 С сынып оқушысы Калин Арлан мен Жеңіс ата, ІІ орын 8 В-сынып оқушысы    иеленіп жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

                       Апталық соңы салттанатты лездемемен аяқталды. Лездемеде барлық жеңімпаз оқушылар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жаса, жаса қазақ тілім» атты әнімен салтанатты жиынды қорытындылады. Осындай апталықтарымыз сәттілік пен табысқа толсын!

               

          • Оқушылардың жетістігі ұстаздарды шыңға жетікізді
            • Оқушылардың жетістігі ұстаздарды шыңға жетікізді

            • Оқушылардың жетістігі ұстаздарды шыңға жетікізді

               

                    Білім беру ордаларының арасында жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 9-10 қаңтарда өткізілді. Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернатының оқушылары олимпиада  шыңында үздіктердің қатарында болды. Олимпиада қорытындысы бойынша  37 оқушы жүлделі орынды иеленді. Лицейіміз «Үздік олимпиадалық команда» атанып, тағы да ауыспалы кубокты еншіледі.

                      Ең үздік көрсеткішті жаратылыстану бағытындағы пәндер көрсетті. Лицейіміздің үздік ұстаздарының бірі Муаммер Гүл дайындаған оқушылар ұстаз сенімін ақтап, математика пәнінен 20 жүлделі орын алды. Сол сияқты қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, информатика, биология пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз да аз емес.

              Оқушыларымыздың осындай жетістігі - баптаған ұстаздарының еңбегі. Еңбегі бағаланған ұстаздардың еңбектеріне табыс тілейміз. Жүлделі жеңімпаздарымыз көп болғай...

          • Президент және перзент
            • Президент және перзент

            • Өткен оқу жылы Президент баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен республикалық «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбында шығармалар сайысы өткен болатын. Нәтижесінде біздің, яғни,Астана қаласы  дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Таласбаев Әділеттің шығармасы  ең үздік танылған 32 шығарманың  қатарына ілігіп, «Президент және перзент» жинағына енді.  Аталған кітаптың тұсаукесері  24 қыркүйек күні ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолын бастаған қала – Теміртауда өтті. Тарихи мәні бар бұл іс-шараға    ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Саранжипов, Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібеков, Президент баспасөз қызметі орынбасары Б.Ж.Омаров қатысты.  Сондай-ақ лицей-интернат оқушысы, үздік шығарма иесіТаласбаев Әділет пен оның ұстазы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Ж. Мажибиева да шақырылды. ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Саранжипов шығарма авторлары мен оның ұстаздарын  арнайы Алғыс хатпен марапаттап, жаңа кітапты табыстады.  

          • Сезон online  уроков открыт...
            • Сезон online уроков открыт...

            • 26 ноября 2014 года в казахско – турецком лицее для одарённых юношей прошел онлайн  урок по русской литературе в 10 классе.  Урок вел учитель высшей категории   Сагиева Бибикуль Токтамыскызы. Вниманию 23 школ, которые были в чате, г. Астаны  был представлен урок литературы по комедии Гоголя Н.В. «Ревизор».

              Тема урока была  «На зеркало неча пенять, коли рожа крива». Урок прошел на хорошем методическом уровне. Ребята сумели показать свое понимание пьесы, сделать анализ, вывод по идейно – художественному богатству комедии и её актуальности. Ученики  написали эссе, говорили о Хлестакове, чиновниках города N, подготовили фильм «Современный ревизор», в котором участвовали в качестве  сценаристов, монтажёров и актёров. Урок был интересным и продуктивным. Именно это смогли показать в эссе. Например Диас Бакыткалиев пишет: ...Маска успешного столичного человека, маска правителя города, судьи и других лиц в городе ошибка сорвала с них эти приличные маски, и под ним оказалась «рожа». Такой человек как Хлестаков успевает надевать любые маски... Бозщин Алибек : ... Любой человек хоть на минуту делается Хлестаковым, независимо от своего социального положения, возраста, образования. Человек, умеющий преодолевать в себе хлестаковщину, становится на путь самосовершенствования. В настоящее время государственным приориетом является борьба с взяточничеством и коррупцией...

              Участники онлайн урока поблагодарили учителя и ребят.

          • Есте қаларлық сабақ
            • Есте қаларлық сабақ

            •    Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай  «Атамекен» Қазақстан картасы Этномемориалдық кешені ұйымдастырған «Үздік сабақ » байқауына Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқу ісі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы ашық сабақ берді. «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» тақырыбына арналған сабақ мынадай мақсаттарды алға қойды:Қазақстан Республикасының 23 жылдық тарихын еске түсіру арқылы бүгінгі таңдағы тәуелсіз Қазақстанды және тәуелсіз елдің ұландарының елжандылығын паш ету. Бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің нағыз жанашыры болуға тәрбиелеу, ұлттық намысты қалыптастыру. «Тәуелсіздік», «бейбітшілік» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, басқа елдердегі саяси қайраткерлердің өмірлерімен таныстыра отырып, еліміздің қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баули отырып, патриоттық тәрбие беру.

                  Сабақта Ерлан Талғатбекұлы ақпараттық коммуникативті құралдарды пайдалана отырып, заманауи интерактивті әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білді. Сабақ  «Тәуелсіздік алауы» атты бейнероликті талдаудан басталды.

              Оқушыларды топқа бөлудің өзі сабақтың мақсатына қарай жүзеге асты. «Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады», -дей келе оқушылар Әбиірбек Тінәлиев пен Майра Тінәлиеваның орындаумен айтылған «Желтоқсан желі» әнін тыңдай отырып, «Цицерон Алгоритмі» ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді.

              Одан әрі  топпен жұмыс  барысында оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оянтатын әртүрлі бейне клиптер ойнап тұрды.

              Рефлексия кезінде бір топ «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазса,екінші топ сурет салды. Сабақ соңында оқушылар өз смартфонмен ғаламтор арқылы тестілеуге қатысты. www.kahoot.it сайтына кіріп, сұрақтарға жауап береді. Шыққан нәтиже бойынша ең жоғары ұпай алған қатысушыға «Біздің Президент» деген кітап сыйға берілді.

              • Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, Атамекен - әр адамның тағдыры. Одан алғаныңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланып  қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, атамекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. Еліміздің ертеңгі келешегі сендердің қолдарыңда, - деген  мұғалімнің сөзі әр оқушының есінде мәңгі қаларлықтай әсер қалдырды.

               

               

              Жүнісова Гүлназ Мінтайқызы 

          • Білім күні
            • Білім күні

            • Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя лицейім!» атты салтанатты сап түзеу өтті. Лицейдің жаңа оқу жылындағы директоры Н.Ж.Акимов  сөз сөйлеп, өткен оқу жылындағы жетістіктері үшін  мұғалімдерді марапаттады.

              Әкелер қауымдастығы да оқушыларды алғашқы оқу күнімен  құттықтады.

              Лицей табалдырығын алғаш аттап отырған оқушыларға «Алтын белгіге» үміткер Маханбетәлі Әділет «Білім» символын табыстап,  ақ жол тіледі.  7-сынып оқушылары да өздерінің жүрекжарды тілектерімен көрермендерді тәнті етті.

              Оқу ісінің меңгерушісі Ш.М.Имангалина биылғы оқу жылында лицей ұжымы жас мамандармен толыққанын айта кетіп, мұғалімдермен таныстырды.

                       Мерекелік сап түзеуден кейін әр сыныпта «Қазақстан – 2050: бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өтті.